Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «27» сәуірдегі № 362 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 76-77, 675-құжат)мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарында:

«Жалпы ережелер» деген бөлімде:

«Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген кіші бөлімде:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаражат алғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ:

1) «Даму» КДҚ» АҚ-ға жасалған кредит шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 миллиард теңге сомасына кредит береді;

2) «ҚДБ» АҚ-ға жасалған қарыз шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 50 миллиард теңге сомасына кредит береді.»;

«Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері» деген кіші бөлімде:

4-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда кредиттік келісімдер жасасады:»;

5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«5. «ҚДБ» АҚ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ЕДБ-мен мынадай шарттарда банктік қарыз шартын жасасады:».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу