Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №987 Қаулысы

 «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.  «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 14-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:

«Астана қаласы ________ (күні, айы, жылы)» деген жол «Нұр-Сұлтан қаласы ______ (күні, айы, жылы)» деген жолмен ауыстырылсын;

кіріспе бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, ___________________________________________ негізінде әрекет ететін
                         (ереже немесе бұйрық)

____________________________________ (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан
              (уәкілетті органның атауы)

_______________________________________________________________ мен
(басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 _______________________ негізінде әрекет ететін, инвестициялық жобаны іске

   (жарғы немесе сенімхат)   

асыратын __________________________________________________________,

                                 (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының

                                          атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні)

атынан _____________________________________________________________

    (басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

(бұдан әрі – инвестор) арасында жасалды.

Мыналарды:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген, бағыттарының бірі экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау және заманауи технологияларды қолданып инвестицияларды жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға салуды ынталандыру, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылатын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын;

2) уәкілетті органға тікелей инвестициялық келісімшартты жасасумен және орындалуын бақылаумен байланысты құқықтар берілгенін;

3) уәкілетті орган мен инвестор инвестициялық келісімшарттың ___________________________________(инвестициялық жобаның атауы)
іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, уәкілетті орган мен инвестор мыналар туралы осы инвестициялық келісімшартты жасасты.»;

         12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «12. Форс-мажорға еңсерілмейтін күш мән-жайлары, яғни төтенше және осы жағдайлар кезiнде тойтаруға болмайтын мән-жайлар (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) жатады.»;

30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Тараптар кез келген Тараптың екінші Тарапқа жазбаша өтінімі алынған күннен бастап екі ай ішінде келісімге қол жеткізбеген жағдайда дауларды шешу «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында, «Астана» халықаралық қаржы орталығының Халықаралық төрелік орталығында немесе Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімімен айқындалатын төрелiктерде жүргізілуі мүмкін.»;

35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 

 «35. Инвестициялық келісімшарт және инвестициялық келісімшарт негізінде қол қойылған басқа да келісімдер үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығы қолданылады.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Хабарламалар мен есептер тікелей қолға беріледі немесе төменде көрсетілген мекенжайға хабарламалы поштамен жіберіледі:

уәкілетті орган: ________________________________________________;

                                                 (атауы, заңды мекенжайы, телефондары)

уәкілетті органның басшысы:____________________________________;

                                                                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

инвестор: _____________________________________________________;

                                    (атауы, заңды және нақты мекенжайы, телефондары, 

                                                        электрондық мекенжайы)

инвестордың басшысы:_________________________________________»;

                                                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

 

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Осы инвестициялық келісімшартқа_________жылғы ____ _________ Қазақстан Республикасының Нұр-Сұлтан қаласында Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған.

     

Уәкілетті орган:                                                                  Инвестор:

 

         Қолы_________М.О.                                                          Қолы __________»;

         инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартқа 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5, 6 және       7-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының     Премьер-Министрі                                                                  А. Мамин

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу