Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №556 Қаулысы

Өскемен қаласының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына және 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген ауданның жерлерінен жалпы алаңы 334 гектар жерінің бір бөлігін Өскемен қаласының шегіне қосу жолымен «Қазақстан Республикасының Үкіметіне Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының және Глубокое ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты келісуге енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 12/143-V шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің  2013 жылғы 18 маусымдағы № 150 қаулысына келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі             К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу