Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысында (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

72-2-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқа банктен қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.»;

72-9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72-9. Субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер бойынша жүзеге асырылады, олардың 6 %-ын жеке кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Кредит жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.

Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі Бағдарлама шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша банк/даму банкі/лизингтік компания жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте жеңілдік кезеңі/мерзімін кейінге шегерген Бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс.»;

мынадай мазмұндағы 117-1-тармақпен толықтырылсын:

«117-1. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі Тетік шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша банк кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдік кезеңін берген/мерзімін кейінге шегерген кәсіпкердің кредиті бойынша субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыруға құқылы.

Бұл ретте жеңілдік кезеңінің/мерзімін кейінге шегерудің Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс.

Осы тармақ 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.»;

8, 9 және 10-қосымшалар осы қаулыға 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында:

8 және 9-қосымшалар осы қаулыға 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                                 А. Мамин

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу