Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №254 Қаулысы

«Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №1270 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы24 желтоқсандағы №1270 қаулысына(Қазақстан РеспубликасыныңПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 582-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагогтеріне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы;».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі               А. Мамин

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу