​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» шілдедегі  № 444 қаулысы

«Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткiзуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1197 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткiзуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлар тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 1197 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1029-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезiнде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткiзілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы»;

2) 1-тармақта:

1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

4) «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

5) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

6) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;»;

мынадай мазмұндағы 7), 8), 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

«7) «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

8) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

9) «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі;

10) «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.»;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткiзуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

мына:

«

7108 20 000 9 - - өзгелері

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

71 Табиғи немесе өңделген інжу, асыл немесе жартылай асыл металдар, бағалы металдармен жалатылған металдар және олардан жасалған бұйымдар; бижутерия; монеталар
7110 Өңделмеген немесе жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі платина:  
  - платина: 
7110 11 000 - - өңделмеген немесе ұнтақ түріндегі:  
7110 11 000 1 - - - қорытпаның 1000 бөлігіне шаққанда құрамында платинаның кем дегенде 999,5 бөлігі бар құймаларда
7110 19 100 0 - - - шыбықтар, сымдар және профильдер; пластиналар; кез келген негізді есептемегенде, таспалар және қалыңдығы
0,15 мм-ден асатын табақтар немесе жолақтар
7110 19 800 1 - - - - құбырлар, түтікшелер және қуыс дөңбектер; кез келген негізді есептемегенде, қалыңдығы 0,15 мм-ден асатын жұқа табақтар және жолақтар (қақтама)
  - палладий:
7110 21 000 - - өңделмеген немесе ұнтақ түріндегі:
7110 21 000 1 - - - қорытпаның 1000 бөлігіне шаққанда құрамында паладийдің кем дегенде 999,5 бөлігі бар құйма
  - родий
7110 31 000 0 - - өңделмеген немесе ұнтақ түріндегі
  - иридий, осмий және рутений:
7110 41 000 0 - - өңделмеген немесе ұнтақ түріндегі   
7112 бағалы металдардың немесе бағалы металдармен жалатылған металдардың қалдықтары мен сынықтары; құрамында бағалы металл немесе бағалы металдардың қосылыстары бар негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын өзге де қалдықтар:  
7112 30 000 0 - құрамында бағалы металл немесе бағалы металдың қосылыстары бар күл
7112 91 000 0 - - алтын жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағандағы, алтын 
7112 92 000 0 - - платинамен жалатылған металды қоса алғанда, бірақ құрамында басқа бағалы металдар бар қалдықтарды қоспағандағы платина
  III. ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМДАР, ШЕБЕРЛЕРДІҢ АЛТЫН ЖӘНЕ КҮМІС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БҰЙЫМДАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА БҰЙЫМДАР
7113 Зергерлік бұйымдар және олардың бағалы металдардан немесе бағалы металдармен жалатылған, металдардан тұратын бөліктері:
  - гальванды қаптамасы бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған бағалы металдардан жасалған: 
7113 11 000 0 - - гальванды қаптамасы бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған, күмістен жасалған
7113 19 000 0 - - гальванды, басқа да бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған  өзге де бағалы металдардан жасалған
7113 20 000 0 - - бағалы металдармен жалатылған, бағалы емес металдардан жасалған
7114 Шеберлердің алтыннан немесе күмістен жасалған бұйымдары және олардың бағалы металдардан немесе бағалы металдармен жалатылған металдардан жасалған бөліктері: 
  - гальванды қаптамасы бар немесе жоқ, басқа бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған бағалы металдардан жасалған:
7114 11 000 0 - - гальванды қаптамасы бар немесе жоқ, бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған, күмістен жасалған
7114 19 000 0 - - гальванды қаптамасы бар немесе жоқ, бағалы металдармен жалатылған немесе жалатылмаған  өзге бағалы металдардан жасалған
7114 20 000 0 - - бағалы металдармен жалатылған бағалы емес металдардан жасалған
7115 бағалы металдардан немесе бағалы металдармен жалатылған металдардан жасалған өзге бұйымдар:
7115 10 000 0 - сым торы нысандағы катализаторлар немесе платинадан жасалған шілтерлер

»;

4) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізуге, нөлдік мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

мына:

«

2929 90 000 0 - өзгелері

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

    X. ОРГАНИКАЛЫҚ-ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС ҚОСЫЛЫСТАР, ГЕТЕРОЦИКЛДІК ҚОСЫЛЫСТАР, НУКЛЕИНДІК ҚЫШҚЫЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰЗДАРЫ, СУЛЬФОНАМИДТЕР
  2932 Құрамында оттегінің гетероатомдары ғана бар гетероциклдік қосылыстар:
    – құрылымында қоюландырылмаған фуран сақинасы бар қосылыстар (гидрленген немесе гидрленбеген):
  2932 11 000 0 – – тетрагидрофуран
  2932 12 000 0 – – 2-фуральдегид (фурфурол)
  2932 13 000 0 – – фурфурил және тетрагидрофурфурил спирттері
  2932 19 000 0 – – өзгелері
  2932 20 – лактондар:
  2932 20 100 0 – – фенолфталеин; 1-гидрокси-4-[1-(4-гидрокси-3-метоксикарбонил-1-нафтил)-3-оксо-1Н,3Н-бензо[де]изохромен-1-ил]-6-октадецилокси-2-нафтой қышқылы; 3¢-хлор-6¢-циклогексиламиноспиро[изобензофуран-1(3Н),9¢-ксантен]-3-он; 6¢-(N-этил-п-толуидино)-2¢-метилспиро[изобензофуран-1(3Н), 9¢-ксантен]-3-он; метил-6-докосилокси-1-гидрокси-4-[1-cd]пиран-1-ил]нафталин-2-карбоксилат
  2932 20 200 0 – – гамма-бутиролактон
  2932 20 900 0 – өзгелері:
  2932 91 000 0 – – изосафрол
  2932 92 000 0 – – 1-(1,3-бензодиоксол-5-ил)пропан-2-он
  2932 93 000 0 – – пиперональ
  2932 94 000 0 – – сафрол
  2932 95 000 0 – – тетрагидроканнабинолдар (барлық изомерлер)
  2932 99 000 0 – – өзгелері
  2935 00 Сульфонамидтер:
  2935 00 300 0 – 3-(1-[7-(гексадецилсульфониламино)-1Н-индол-3-ил]-3-оксо-1Н,3Н-нафто[1,8-cd]-пиран-1-ил)-N,N-диметил-1Н-индол-7-сульфонамид; метосулам (ISO)
  2935 00 900 0 – өзгелері
    XI. ПРОВИТАМИНДЕР, ВИТАМИНДЕР ЖӘНЕ ГОРМОНДАР
  2936 Провитаминдер және витаминдер, табиғи немесе синтезделген (табиғи концентраттарды қоса алғанда), олардың негізінен витаминдер ретінде пайдаланылатын туындылары және осы қосылыстардың, оның ішінде кез келген ерітіндідегі қоспалары:
    – витаминдер және олардың таза түріндегі туындылары:
  2936 21 000 0 – – A витаминдері және олардың туындылары
  2936 22 000 – – B1 витамині және оның туындылары:
  2936 22 000 1 – – – кокарбоксилаза
  2936 23 000 0 – – B2витамині және оның туындылары
  2936 24 000 0 – – D немесе DL-пантотен қышқылы (B3 немесе B5 витамині), оның туындылары
  2936 25 000 0 – – B6 витамині және оның туындылары
  2936 26 000 0 – – B12 витамині және оның туындылары
  2936 27 000 0 – – C витамині және оның туындылары
  2936 28 000 0 – – E витамині және оның туындылары
  2936 29 000 – – өзге витаминдер және олардың туындылары
  2936 29 000 1  – – – B9 витамині және оның туындылары; H витамині және оның туындылары
  2936 29 000 9 – – – өзгелері
  2936 90 000 –  – табиғи концетраттарды қоса алғанда, өзгелері
  2936 90 000 1 – – витаминдердің табиғи концентраттары
  2936 90 000 2 – – – витаминдердің, оның ішінде кез келген еріткіштегі қоспалары
  2937 Табиғи немесе синтезделген гормондар, простагландиндер, тромбоксандар және лейкотриендер; олардың туындылары және тізбектеліп түрлендірілген полепиптидтерді қамтитын, негізінен гормондар ретінде пайдаланылатын құрылымдық ұқсастықтары:
    – полипептидтік гормондар, ақуызды гормондар және гликопротеиндік гормондар, олардың туындылары және құрылымдық ұқсастықтары:
  2937 11 000 0 – – соматотропин, оның туындылары және құрылымдық ұқсастықтары
  2937 12 000 0 – – инсулин және оның тұздары
    – стероидтік гормондар, олардың туындылары және құрылымдық ұқсастықтары:
  2937 21 000 0 – – кортизон, гидрокортизон, преднизон (дегидрокортизон) және преднизолон (дегидрогидрокортизон)
  2937 22 000 0 – – кортикостероидтік гормондардың галогенденген туындылары
  2937 23 000 0 – – эстрогендер және прогестиндер
  2937 29 000 0 – – өзгелері
  2937 50 000 0 – простагландиндер, тромбоксандар және лейкотриендер, олардың туындылары және құрылымдық ұқсастықтары
    XII. ӨСІМДІКТЕРДЕН АЛЫНАТЫН ТАБИҒИ НЕМЕСЕ СИНТЕЗДЕЛГЕН ГЛИКОЗИДТЕР ЖӘНЕ АЛКОЛОИДТАР, ОЛАРДЫҢ ТҰЗДАРЫ, ҚАРАПАЙЫМ ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ ЭФИРЛЕРІ МЕН ӨЗГЕ ТУЫНДЫЛАРЫ:
  2938 Табиғи немесе синтезделген гликозидтер, олардың тұздары, қарапайым және күрделі эфирлері мен өзге туындылары:
  2938 10 000 0 – рутозид (рутин) және оның туындылары
  2938 90 – өзгелері:
  2938 90 100 0 – – оймақгүлдің гликозидтері
  2938 90 300 0 – – глицирризин қышқылы және глицирризинаттар
  2939 Өсімдіктерден алынатын табиғи немесе синтезделген алколоидтер, олардың тұздары, қарапайым және күрделі эфирлері мен өзге туындылары:
    – апиын алколоидтары және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2939 11 000 0 – – көкнәр шиінен алынған концетраттар; бупренорфин (INN), кодеин, дигидрокодеин (INN), этилморфин, эторфин (INN), героин, гидрокодон (INN), гидроморфон (INN), морфин, никоморфин (INN), оксикодон (INN), оксиморфон (INN), фолкодин (INN), тебакон (INN) және тебаин; осы қосылыстардың тұздары
  2939 19 000 0 – – өзгелері
  2939 20 000 0 – хин ағашының қабығынан бөліп шығарылған алколоидтар және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары
  2939 30 000 0 – кофеин және оның тұздары
    – эфедриндер және оның тұздары:
  2939 41 000 0 – – эфедрин және оның тұздары
  2939 42 000 0 – – псевдоэфедрин (INN) және оның тұздары
  2939 43 000 0 – – катин (INN) және оның тұздары
  2939 44 000 0 – – норэфедрин және оның тұздары
  2939 49 000 0 – – өзгелері
    – теофиллин мен аминофиллин (теофиллинэтилендиамин) және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2939 51 000 0 – – фенетиллин (INN) және оның тұздары
  2939 59 000 0 – – өзгелері
    – қара бидай қастаушының алколоидтары және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2939 61 000 0 – – эргометрин (INN) және оның тұздары
  2939 62 000 0 – – эрготамин (INN) және оның тұздары
  2939 63 000 0 – – лизергин қышқылы және оның тұздары
  2939 69 000 0 – – өзгелері
  2939 91 000 0 – – кокаин, экгонин, левометамфетамин, метамфетамин (INN), метамфетамин ацематы; тұздар, күрделі эфирлер және олардың өзге туындылары
    ХІІІ. ӨЗГЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР
  2940 00 000 0 Сахарозадан, лактозадан, мальтозадан, глюкозадан және фруктозадан басқа химиялық жағынан таза қанттар; қанттардың қарапайым эфирлері, қанттардың ацетальдері және 2937, 2938 немесе 2939-тауар позицияларындағы өнімдерден басқа қанттардың күрделі эфирлері, олардың тұздары
  2941 Антибиотиктер:
  2941 10 000 0 – пеницилиндер және олардың пенициллан қышқылының құрылымы бар туындылары
  2941 20 – стрептомициндер және олардың туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2941 20 300 0 – – дигидрострептомицин, оның тұздары, күрделі эфирлер мен гидраттар
  2941 20 800 – –  өзгелері:
  2941 20 800 1 – – – стрептомицин
  2941 20 800 9 – – – өзгелері
  2941 30 000 – тетрациклиндер және олардың туындылары;
осы қосылыстардың тұздары:
  2941 30 000 1 – – окситетрациклин
  2941 30 000 2 – – тетрациклин гидрохлориді
  2941 30 000 9 – – өзгелері
  2941 40 000 – хлорамфеникол және оның туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2941 40 000 1 – – левомицетин
  2941 40 000 9 – – өзгелері
  2941 50 000 – эритромицин және оның туындылары; осы қосылыстардың тұздары:
  2941 50 000 1 – – эритромицин
  2941 50 000 9 –  өзгелері:
  2941 90 000 1 – – канамицин сульфаты
  2941 90 000 2 – – линкомицин
30 Фармацевтикалық өнім  
3001 Органотерапияға арналған, кептірілген, ұнтақ болып ұсақталған немесе ұсақталмаған бездер мен өзге органдар; органотерапияға арналған бездердің немесе өзге органдардың немесе олардың сөлдерінің сығындылары; гепарин және оның тұздары; терапевтік немесе мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған, басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген, адамнан немесе жануарлардан алынған өзге заттар:  
3001 20 – бездердің немесе өзге органдардың немесе олардың сөлдерінің сығындылары:  
3001 90 200 0 – – адамнан алынған  
3001 90 910 0 – – – гепарин және оның тұздары  
3001 90 980 0 – өзгелері:  
3002 Адам қаны; терапевтік, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған жануарлар қаны; иммундық қан сарысуы және қанның өзге фракциялары, түрлендірілген немесе түрлендірілмеген, оның ішінде биотехнология әдістерімен алынған иммунологиялық өнімдер; вакциналар, токсиндер, микроорганизмдер себінділері (ашытқылардан басқа) және ұқсас өнімдер:  
3002 10 – иммундық қан сарысуы, қанның өзге фракциялары және түрлендірілген немесе түрлендірілмеген иммунологиялық өнімдер, оның ішінде биотехнология әдістерімен алынған өнімдер:  
3002 10 100 – – иммундық қанның сарысуы:  
3002 10 100 1 – – – жылан уына қарсы  
3002 10 100 9 – – өзгелері  
3002 10 910 0 – – – гемоглобин, қан глобулиндері және қан сарысуы глобулиндері  
3002 10 950 – – – – адамнан алынған:  
3002 10 950 1 – – – – – қан ұюының факторлары  
3002 10 950 9 – өзгелері  
3002 20 000 – адамдарға арналған вакциналар:  
3002 20 000 1 – – қызылшаға қарсы  
3002 20 000 2 – – В гепатитіне қарсы  
3002 20 000 9 – – өзгелері  
3002 30 000 0 – ветеринариялық вакциналар  
3002 90 100 0 – – адам қаны  
3002 90 300 0 – – терапевтік, профилактикалық немесе диагностикалық мақсаттарда пайдалану үшін дайындалған жануарлар қаны  
3002 90 500 0 – – микроорганизм себінділері  
3003 Терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған, бірақ мөлшерленген дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудаға арналған қалыптар мен қаптамаларға өлшеніп оралмаған, екі немесе одан көп құрамдас бөліктерден тұратын дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006-тауар позицияларынан басқа):  
3003 10 000 0 – құрамында пенициллиндер немесе олардың пенициллан қышқылының құрылымынан тұратын туындыларды қамтитын немесе стрептомициндер не олардың туындылары бар  
3003 20 000 0 – құрамында өзге антибиотиктер бар  
  – құрамында, 2937-тауар позициясының гормондары немесе өзге қосылыстары бар; бірақ құрамында антибиотиктер жоқ  
3003 31 000 0 – – құрамында инсулин бар  
3003 39 000 0 – – өзгелері  
3003 40 000 0 – құрамында алколоидтар немесе олардың туындылары бар, бірақ құрамында гормондары немесе 2937-тауар позициясының өзге қосылыстары немесе антибиотиктер жоқ  
3004 Терапевтік немесе профилактикалық мақсаттарда пайдалануға арналған, араласқан немесе араласпаған өнімдерден тұратын, мөлшерленген (трансдермальдық жүйелер қалпындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) дәрілік қалыптар түрінде немесе бөлшек саудада сатуға арналған қалыптарға немесе қаптамаларға өлшеніп оралған дәрілік заттар (3002, 3005 немесе 3006-тауар позицияларынан басқа):  
3004 10 000 – құрамында пенициллиндер немесе олардың туындылары бар пенициллан қышқылының құрылымы бар немесе құрамында стрептомициндер немесе олардың туындылары бар:  
3004 10 000 1 – – – негізгі әрекет етуші зат ретінде құрамында тек ампициллин тригидраты немесе ампициллин натрий тұзы, немесе бензилпенициллин тұздары мен қосылыстары, немесе карбенициллин, немесе оксациллин, немесе сулациллин (сультамициллин) немесе феноксиме-тилпенициллин бар  
3004 10 000 4 – – – –мөлшерленген дәрілік нысандар түрінде бөлек оралған немесе табыс етілген, бірақ бөлшек саудада сату үшін оралмаған:  
3004 10 000 6 – – – – негізгі әрекет етуші зат ретінде құрамында тек стрептомицин сульфаты бар  
3004 20 000 1 – – – негізгі әрекет етуші зат ретінде құрамында тек амикацин немесе гентамицин, немесе гризеофульвин, немесе доксицилин, немесе доксорубицин, немесе канамицин, немесе фузидиевтік қышқыл және оның натрий тұзы, немесе левомицетин (хлорамфеникол) және оның тұздары, немесе линкомицин, немесе метациклин, немесе нистагин, немесе рифампицин, немесе цефозолин, немесе цефаликсин, немесе эротримциннің негізі бар  
3004 20 000 3 – – – негізгі әрекет етуші зат ретінде құрамында тек эритромициннің негізі немесе канамицин сульфаты бар  
3004 20 000 9 – – –  өзгелері  
  – құрамында гормондар немесе 2937-тауар позициясының басқа қосылыстары бар, бірақ құрамында антибиотиктер жоқ:  
3004 31 000 0 – – құрамында инсулин бар  
3004 32 000 – – құрамында кортикостероидтық гормондар, олардың туындылары немесе құрылымдық ұқсастықтары бар:  
3004 40 000 – құрамына алколоидтер немесе олардың туындылары бар, бірақ гормондар немесе 2937-тауар позициясының өзге қосылыстары немесе антибиотиктері жоқ:  
3004 40 000 1 – – бөлшек саудада сатуға арналған қалыптарға немесе қаптамаларға өлшеніп оралған және негізгі әрекет ететін зат ретінде құрамында тек: натрийдің кофеин-бензоаты немесе ксантинол никотинаты, немесе папаверин, немесе пилокарпин, немесе теобромин, немесе теофиллин бар  
3004 40 000 9 – – өзгелері  
3004 50 000 – құрамында витаминдер немесе 2936-тауар позициясының басқа қосылыстары бар өзге дәрілік заттар:  
3005 Медицинада, хирургияда, стоматологияда немесе ветеринарияда пайдалануға арналған, фармацевтикалық заттар сіңірілген немесе қапталған немесе бөлшек саудада сатуға арналған қалыптарға немесе қаптамаларға өлшеніп оралған мақта, дәке, бинттер және ұқсас бұйымдар (мысалы, таңу материалы, лейкопластырьлер, припаркалар):  
3005 10 000 0 – адгезивтік таңу материалы және үсті жабысқақ қабаты бар өзге бұйымдар  
3005 90 – өзгелері:  
3005 90 100 0 – – мақта және мақтадан жасалған бұйымдар  
  – – – тоқыма материалдарынан жасалған:  
3005 90 310 0 – – – – дәке және дәкеден жасалған  
3006 Осы топқа 4-ескертпеде аталған фармацевтикалық өнім:  
3006 10 – стерильді хирургиялық кетгут, жіктер салуға арналған ұқсас стерильді материалдар стерильді соратын хирургиялық немесе стоматологиялық жіптер және жараларды хирургиялық жолмен жабуға арналған стерильді адгезивтік тіндер; стерильді ламинария және стерильді ламинариядан жасалған томпондар; стерильді соратын хирургиялық немесе стоматологиялық қан тоқтататын заттар (гемостатиктер); соратын немесе сормайтын стерильді хирургиялық немесе стоматологиялық адгезиялық кедергілер:  
3006 10 300 – – стерильді хирургиялық немесе стоматологиялық, соратын немесе сормайтын адгезиялық кедергілер  
3006 10 300 1 – – – түкті жаймадан жасалған матадан басқа, машинамен немесе қолмен тоқылған тоқыма  
3006 20 000 0 – қан тобын айқындауға арналған реагенттер  
3006 30 000 0 – рентгенографиялық зерттеп-тексеруге арналған контрасттық препараттар; сырқат адамдарға егуге арналған диагностикалық реагенттер  
3006 40 000 0 – тіс цементтері және тістерді пломбылауға арналған өзге материалдар; сүйекті құрайтын цементтер  
3006 50 000 0 – санитариялық сөмкелер және алғашқы көмек көрсетуге арналған жиынтықтар  
3006 60 – гормондар, 2937-тауар позициясының өзге қосылыстарын немесе спермицидтер негізінде жасалған химиялық контрацептивтік құралдар:  
3006 60 100 – – гормондар немесе 2937-тауар позициясының өзге қосылыстары негізінде  
3006 70 000 0 – медицинада немесе ветеринарияда пайдалануға арналған хирургиялық операциялар немесе физикалық зерттеулер кезінде дене бөліктері үшін майлағыш ретінде пайдаланылған немесе дене мен медициналық құралдар арасындағы байланыстырғыш агент ретінде медицинада немесе ветеринарияда пайдалануға арналған гель түріндегі препараттар  
3006 91 000 0 – – стомикалық пайдалануға арналған көмекші құралдар ретінде сәйкестендірілетін көмекші құралдар)  
       

»;

5) көрсетілген қаулымен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

6) көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

мына:

«

3901 Бастапқы нысандардағы этиленнің полимерлері

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

 «

3902 Бастапқы нысандардағы пропиленнің немесе өзге олефиндердің полимерлері:
3902 10 000 0 – полипропилен
3902 20 000 0 – полиизобутилен
3902 30 000 0 – пропилен сополимерлері
3902 90 100 0 – – құрамында осы топтың 6б-ескертпесінде көрсетілген нысандардың біріндегі салмағы 35% немесе одан кем стиролы бар этиленбутилендік полимерлестер мен полистиролдьдың А-В-А блок-полимерлестері
3902 90 200 0 – – құрамында салмағы 10% немесе одан кем этилен, немесе құрамында осы топтың 6б ескертпесінде көрсетілген нысандардың біріндегі салмағы 10% немесе одан кем полиэтиленмен және/немесе салмағы 25% немесе одан кем полипропиленмен қосылған полибут-1-ен бут-1-еннің сополимері және этилен
3905 Бастапқы нысандардағы винилацетаттың немесе өзге күрделі винилдік эфирлердің полимерлері; бастапқы нысандардағы өзге винилдік полимерлер:
  – поливинилацетат:
3905 12 000 0 – – су дисперсиялары түріндегі
  – винилацетат сополимерлері:
3905 30 000 – – су дисперсиялары түрінде

»;

мына:

«

3905 30 000 0 – құрамында гидролизденбеген ацетаттық топтар болатын немесе болмайтын поливинилдік спирт

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

3905 91 000 0 – – сополимерлер
3905 99 100 0 – – – молекулалық салмағы 10 000 немесе одан астам, бipaқ
40 000-нан аспайтын және құрамында: винилацетатқа қайта есептегенде салмақтық %-ы 9,5 немесе одан астам, бipaқ салмақтық %-ы 13-тен аспайтын ацетилдік топтар және винил спиртіне кайта есептегенде салмақтық %-ы 5 немесе одан астам, бipaқ салмақтық %-ы 6,5-тен аспайтын аспайтын гидроксилдік топтар бар, осы топқа 6б-ескертпеде аталған нысандардың біріндегі поливинилформаль
3905 99 901 0 – – – – поливинилпирролидон

»;

мына:

«

3918* Пластмассадан жасалған едендерге арналған өздігінен жабысатын немесе өздігінен жабыспайтындар;
9-ескертпеде көрсетілген пластмассалардан жасалған қабырғалар немесе төбелерге арналған жабындар:

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

3920 Пластмассадан жасалған кеуекті емес және бекемделмеген, қабатталмаған, төсенішсіз және этиленнің полимерлерінен жасалған басқа материалдармен ұқсас әдіспен жалғанбаған тақтайлар, табақтар, пленкалар және өзге қиықтар немесе таспалар:
3920 10 – этиленнің полимерлерінен жасалған:*
  – – қалыңдығы 0,125 мм-ден аспайтын:*
3920 10 240 0 – – – – – созылмалы пленка
3920 30 000 0 – стиролдың полимерлерінен

»;

мына:

«

5402 Тығыздығы 67 дтекс-тен кем сызықтық синтетикалық моножіпті қоса алғанда, бөлшек саудаға арналмаған бумаланбаған синтетикалық кешенді жіптер (тігін жіптерінен басқа):

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

  – нейлонды немесе басқа полиамидтерден жасалған беріктігі жоғары жіптер:
5402 11 000 0 – – арамидтерден жасалған
5402 20 000 – беріктігі жоғары полиэфирлі жіптер:
5402 20 000 1 – – бiрiгiп боялған
  – текстураланған жіптер:
5402 31 000 0 – – нейлонды немесе 50 дтекстен аспайтын жалаң жіптің сызықтық тығыздықтағы басқа полиамидтерден жасалған
5402 32 000 0 – – нейлоннан немесе 50 дтекстен асатын жалаң жіптің сызықтық тығыздықтағы өзге де полиамидтерден жасалған
5402 33 000 0 – – полиэфирлі
5402 34 000 0 – – полипропиленді
  – ширатылмаған немесе ширатылуы 50 кр/м аспайтын өзге жалаң жіптер:
5402 44 000 0 – – эластомерлі
5402 45 000 0 – – өзгелері, нейлонды немесе басқа полиамидтерден жасалған
5402 46 000 0 – – өзгелері, полиэфирлі, ішінара бағдарланған
5402 47 000 0 – – өзге полиэфир
5402 48 000 0 – – өзге полипропиленді
  – ширатылуы 50 кр/м асатын өзге жалаң жіптер:
5402 51 000 0 – – нейлонды немесе өзге полиамидтерден жасалған
5402 52 000 0 – – полиэфирлі
5402 59 100 0 – – – полипропиленді
  – көп айналдырылған (ширатылған) немесе бір мәрте айналдырылған өзге жіптер:
5402 61 000 0 – – нейлонды немесе өзге де полиамидтерден жасалған
5402 62 000 0 – – полиэфирлі
5402 69 100 0 – – – полипропилен

»;

мына:

«

5603 Сіңірілген немесе сіңірілмеген, жабылған немесе жабылмаған, қатырмаланған немесе қатырмаланбаған тоқыма емес материалдар:

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

  – химиялық жіптерден жасалған:
5603 11 – – беткі тығыздығы 25 г/м2ден аспайтын
5603 11 100 0 – – – жабыны бар
5603 12 – – беткі тығыздығы 25 г/м2-ден асатын, бірақ 70 г/м2-ден аспайтын:
5603 12 100 0 – – – жабыны бар
5603 13 – – беткі тығыздығы 70 г/м2-ден асатын, бірақ 150 г/м2-ден аспайтын:
5603 13 100 0 – – – жабыны бар
5603 14 – – беткі тығыздығы 150 г/м2-ден асатын:
5603 14 100 – – – жабыны бар:
5603 14 100 1 – – – – тоқыма емес материалдар негізінде поливинилхлорид жамылғысы бар асханалық клеенка
5603 91 – – беткі тығыздығы 25 г/ м²-ден аспайтын:
5603 91 100 0 – – – жабыны бар
5603 92 – – беткі тығыздығы 25 г/ м² асатын, бірақ 70 г/ м² кем емес:
5603 92 100 0 – – – жабыны бар
5603 93 – – беткі тығыздығы 70 г/ м²-ден асатын, бірақ 150 г/ м²-ден аспайтын:
5603 93 100 0 – – – жабыны бар
5603 94 – – беткі тығыздығы 150 г/ м²-ден асатын:
5603 94 100 – – – жабыны бар
5603 94 100 1 – – – – тоқыма емес материалдар негізіндегі поливинилхлорид жабыны бар асханалық клеенка

»;

мына:

«

84 24 10 000 0

8424 20 000 0

8424 30

8424 81 100 0

8424 81 300 0

8424 89 000

8424 90 000 0

Сұйықтарды немесе ұнтақтарды лақтыруға, шашыратуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылар (қолмен басқару тетігі бар немесе онсыз); толтырылған немесе толтырылмаған от сөндіргіштер; пульверизаторлар және соған ұқсас құрылғылар; бу немесе құм себелейтін және осыларға ұқсас лақтыру құрылғылары

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

8428 Көтеруге, тасымалдауға, тиеуге немесе түсiруге арналған өзге машиналар мен құрылғылар (мысалы, лифтiлер, эскалаторлар, конвейерлер, аспалы жолдар):
8428 20 – пневматикалық көтергiштер мен конвейерлер:
8428 20 800 1 – – – тоқыма талшықтарды тасымалдауға арналған

»;

мына:

«

8443 8442 тауар позициясы табақтарының, цилиндрлерінiң және өзге де баспаханалық қалыптарының көмегiмен басу үшін пайдаланылатын баспа машиналары; өзге де біріктірілген немесе біріктірілмеген принтерлер, көшірме жасайтын аппараттар мен факс аппараттары; олардың бөліктері мен керек-жарақтары:

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

  – пластиналар, цилиндрлер және 8442-тауар позициясының басқа баспа қалыптары арқылы басып шығару үшін пайдаланылатын баспа машиналары:
8443 19 200 – – – тоқыма материалдарында басып шығару үшін:

»;

мына:

«

8446 Тоқыма станоктары

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

8446 10 000 0 – енi 30 см-ден аспайтын мата дайындауға арналған
  – енi 30 см-ден астам мата дайындауға арналған челнокты:
8446 21 000 0 – – қозғалтқыштың жетегі бар
8446 30 000 0 – енi 30 см-ден астам мата дайындауға арналған челноксыз

»;

мына:

«

8451 Жіптерді, маталарды немесе дайын тоқыма бұйымдарын жууға, тазалауға, сығуға, кептіруге, үтіктеуге, нығыздауға (материалдарды қыздыруға арналған престерді қоса алғанда), ағартуға, бояуға, өңдеуге, әрлеуге, жылтыратуға немесе сіңдіруге арналған жабдықтар (8450 тауар позициясында көрсетілген машиналардан басқа) немесе линолеум секілді еден жамылғыларын өндіруде пайдаланылатын тоқыма немесе өзге де негізіне паста жағатын машиналар; тоқыма маталарды орайтын, тарқататын, жинайтын, кесетін немесе тесетін машиналар

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

8451 10 000 0 – құрғақ тазалауға арналған машиналар
8451 30 – үтіктеу машиналары мен престері (материалдарды термобекітуге арналған престерді қоса алғанда):
  – – электрмен қыздырылатын, қуаты:
8451 30 100 0 – – – 2500 Вт-тан аспайтын
8451 30 300 0 – – – 2500 Вт-тан асатын
8451 40 000 – жууға, ағартуға немесе бояуға арналған машиналар:
8451 40 000 1 – – жүн жууға арналған
8451 40 000 2 – – иірім жіпті бояуға арналған
8451 50 000 0 – тоқыма маталарын орауға, кері орауға, бүктеуге, кесуге немесе тесуге арналған машиналар
8451 80 – өзге жабдықтар:
8451 80 100 0 – – линолеумды немесе мата немесе басқа негізге жағуға арналған өзге де еден жабындарын өндіруде пайдаланылатын машиналар
8451 80 300 – – әрлеуге арналған машиналар:
8451 80 300 1 – – – түкті қырқуға арналған қырқатын машиналар
8451 80 800 1 – – – жұмыс ені кемінде 180 см маталарды өңдеуге арналған газ арқылы күйдіретін машиналар

»;

мына:

«

8452 8440 тауар позициясының кітап блоктарын тігуге арналған кітаптардан басқа, тігін машиналары; тігін машиналары үшін әдейі арналған жиһаз, негіз және футлярлар; тігін машиналарына арналған инелер

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

«

  – – салмағы қозғалтқышсыз 16 кг-нан аспайтын немесе қозғалтқышпен 17 кг-нан аспайтын өзектері бар тігін машиналары (тек қана жабық тігісті); салмағы қозғалтқышсыз 16 кг-нан немесе қозғалтқышпен 17 кг-нан аспайтын тігін машиналарының өзектері (тек қана жабық тігісті):
8452 10 110 0 – – – құны 65 евродан асатын тігін машиналары (рамасы, үстелшелері немесе тумбочкалары жоқ)
8452 10 900 0 – – өзге тігін машиналары және өзге тігін машиналарының өзектері
  – өзге тігін машиналары:
8452 21 000 0 – – автоматты
8452 30 – тігін машиналарына арналған инелер:
8452 30 100 0 – – артқы ілмегінде жалғыз тегіс қыры бар
8452 90 000 – тігін машиналарына нақты арналған жиһаз, негіздер мен құндақтар және олардың бөліктері: тігін машиналарының өзге бөліктері:
8452 90 000 1 – – тігін машиналарына нақты арналған жиһаз, негіздер мен құндақтар және олардың бөліктері
8452 90 000 2 – – тігін машиналарының өзге бөліктері

»;

7) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

8) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізуге, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесі»;

9) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесімен толықтырылсын;

10) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесімен толықтырылсын;

11) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесімен толықтырылсын.

12) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына сай келетiн қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын, арнайы экономикалық аймақтың аумағында өткізілетін, нөлдiк мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығы салынатын тауарлардың тізбесімен толықтырылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К.Мәсімов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу