​​​​​​​Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «30» маусымдағы  № 387 қаулысы

Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы

«Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы  6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 37-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берiлiп отырған Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдарының жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                К.Мәсімов

Қосымша 1

Қосымша 2

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу