Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысы

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың  2015 – 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:

1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;

2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ай сайынғы негізде есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты игеру жөніндегі ақпаратты және тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөнінде ақпарат берсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                   Б. Сағынтаев

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысына қосымша

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі № 470 қаулысына қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу