Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №625 қаулысы

«Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1 255 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысанының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы №1 255 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

жүкті әйелдерді, жанында бірінші және екінші топтағы мүгедек балалары бар әйелдерді тамақтандырудың №2 заттай нормасында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Жүкті әйелдерді және жанында балалары бар әйелдерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тамақтандырудың №2 заттай нормасы»; 

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын сотталғандарды тамақтандырудың №5 нормасында:

реттік нөмірі 32-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

32

Аскорбин қышқылы (бірінші тағамға тікелей тарату алдында қосылады)*

50 мг/адам/күн

»;

қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-алдын алу мекемелерін медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың № 22 заттай нормасы алып тасталсын.

2. Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының сегізінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу