06 Ақпан 2020, 10:28
Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Инфрақұрылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар:
1) Бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар қабылдасын;
2) Бағдарламаның әкімшісіне Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-і күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін.
3. Бағдарлама әкімшісі:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражаттың игерілуі жөніндегі ақпаратты есепті айдан кейінгі айдың 15-і күніне қарай ай сайынғы негізде және құрылған, оның ішінде уақытша және тұрақты жұмыс орындары жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-ы күніне қарай тоқсан сайынғы негізде берсін;
2) жұртшылықтың қатысуымен онлайн режимде «Сұрақ – жауап» форматында тоқсан сайынғы негізде брифинг өткізсін;
3) орындалмау тәуекелі бар объектілер болған жағдайда, оларға мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жарты жылда бір рет барсын;
4) Бағдарламаны іске асырудан алынған оң нәтижелері туралы әлеуметтік желілер арқылы халыққа сұраунама жүргізсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу