Стратегиялық жоспар 2025

 

ҚР Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құрған Стратегиялық жоспарлау жүйесі стратегиялық бағдардың нақтылығы мен өзгерістердің үдемелі реттілігіне сүйенеді, жаһандық қатерлер мен ішкі проблемалардың алдын-ала отырып, әрекет етуге мүмкіндік береді.

 

«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы

 

Мемлекет басшысы дамыған 30 елдің лигасына кіру - еліміздің басты мақсатын айқындаған ұзақ мерзімді «Қазақстан ‒ 2050» стратегиясы елдің негізгі стратегиялық құжаты болып табылады.

 

1. Болашаққа өту көпірі. Жаңа болмыс жағдайында дамыған отыз елдің лигасына кіру жолы

 

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050» Стратегиясын іске асыруға арналған орта мерзімді даму жоспары болып табылады. Ол жинақталған ұлттық жоспарлау тәжірибесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан үшін жаңа жаһандық сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, ең жаңа әлемдік жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына кіру бағытын жалғастыруда.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алмастырады, ол жаһандық қаржы дағдарысының салдарын бәсеңдетті және экономиканың әртараптандырылған тұрақты өсуіне көшуді жеделдетті.

Бүгінгі таңда 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары өзінің басты мақсаттарын орындады:

1

 

Біз экономиканы өсіру мақсатына қол жеткіздік. 2017 жылдың болжамды қорытындысы бойынша ЖІӨ көлемі 2009 жылға қарай 41% өседі, бұл нысаналы мәнінен 7,7 пайыздық тармаққа жоғары. Халықаралық резервтердің көлемі Ұлттық қорды ескере отырып, ЖІӨ-ден 66,1% дейін өседі.

2

 

Күтілетін өмір сүру ұзақтығы елімізде 3 жылға 2016 жылы 72,3 жасқа дейін ұлғайды, бұл халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту бойынша шаралардың нәтижелілігін көрсетеді. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8,2%-дан 2,6% төмендеді.

3

 

Біз TIMSS-2015 бастауыш білім беру сапасын бағалау рейтингінде көшбасшы елдердің қатарына кірдік, 2015 жылы PISA орта білім беру сапасын бағалау рейтингінде біздің оқушылар 2012 жылмен салыстырғанда, нәтижелерін 28-30 балға жақсартты.

4

 

Ғылымды қажетсінетін экономиканы қолдау үшін 2015-2016 жылдары 117 инновациялық грант берілді, 45 стратап командасы акселерацияны аяқтады және 8 «Инновациялық технологиялар паркі» ЕЭА қатысушысы болды. Еліміздің жетекші оқу орынына айналған халықаралық деңгейдегі Назарбаев Университеті құрылды.

2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі бағдарламалық міндеттері мен нысаналы индикаторлары мерзімінен бұрын орындалды, қалғандары мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары арқылы іске асырылуда.

Ал ел алдына жаңа амбициялық міндеттер қойылды. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру басталғаннан бері Мемлекет басшысы орта мерзімді перспективаға арналған стратегиялық міндеттерді іске асыру тәсілдерін қайта қарауды талап ететін: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары - 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам», «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы мен «Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы сияқты стратегиялық сипаттағы маңызды саяси құжаттарға бастамашылық жасады.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын орындау Үшінші жаңғыруды сәтті өткізу үшін қажетті шара болып табылады. Ол экономикалық өсудің жаңа моделіне өтуде Үкіметтің іс-қимылдарын суреттеп, нақтылайды. Ресурстық экономикадан түсетін пайданы жоғалтпай, таза экспортты ұлғайта отырып, технологиялар мен цифрлық шешім дер есебінен жаңа экономиканы құруға мүмкіндік береді.

 

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары қалай әзірленді

Стратегиялық жоспар 2017 жыл бойы сарапшылар қоғамдастығын, бизнес пен мемлекеттік органдардың өкілдерін, халықты кеңінен тарта отырып, әзірленді.

 

  • Еліміздің ағымдағы даму жағдайын диагностикалау жүргізілді және 70 аса қазақстандық сарапшыларды, 10 отандық сарапшы ұйымды, 26 халықаралық сарапшыны тарта отырып, басымдылықтар айқындалды.
  • Еліміздің 6 өңірінде халықпен 10 фокус топ жүргізілді.
  • 100 мегатрендт зерделенді және әлемді дамытудың 3 жаһандық сценарийі әзірленді.
  • 6 салыстырмалы елдің экономикалық өсу стратегиясы егжей-тегжейлі зерделенді.
  • 5 халықаралық ұйыммен консультациялар жүргізілді.
  • 2 сарапшылық кеңес, Астана экономикалық форумы шеңберінде дөңгелек үстел, өңірлерде жергілікті кеңестер, жария талқылаулар өткізілді.
  • Құжат жобасына сарапшылардан, халықаралық ұйымдардан, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік органдардан 630 аса ұсыныстар, ескертулер мен түсініктемелер алынып, оларың ішінде 80% астамы ескерілді.

Үшінші жаңғырудың жаңа міндеттеріне сәйкес әлемдік экономикада тәуекелдер мен жаңа мүмкіндіктер ескеріле отырып, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында жоспарлаудағы кейбір инновациялық тәсілдер қолданылды:

  1. ХХI ғасырдағы негізгі даму факторы – ұлттық адами капиталға басты сенім артылып отыр.
  2. Жаңа сын-қатерлерге жауап – ұлттық экономиканың жаңа экономикалық өсу моделіне өтуі.
  3. Өсу сапасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін өмір сүру сапасы мен экономика сапасының нақты индикаторларына қол жеткізуге ерекше көңіл бөлінеді.
  4. Жүйелі реформалар эволюциялық саясаттармен нығайтылған, бұл жылдам алға жылжу кезінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтап тұруға мүмкіндік береді.
  5. Өсудің инклюзивтілігі: өзгерістердің нәтижелілігін бүкіл қоғам мен қазақстанның барлық өңірлері сезінуі тиіс.
  6. Қазақстан өңірлерінің ұлттық дамуын жандандыру: өңірлер жергілікті ресурстар, жергілікті бастамаларын жұмылдыру үшін көбірек экономикалық дербестік алатын болады. Өңірлердің даму деңгейіндегі айырмашылық азаяды.

 

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының ерекшеліктері

  • Әлемдік трендтерді терең талдау және сценарийлік жоспарлау.
  • 7х7 жоспары – нақтылық (жүйелі реформалар мен бастамалар) пен даму
  • жағдайларын (басымды саясаттар) теңдестірілген үйлестіру.
  • Экономиканың үш нақты өсу драйвері.
  • Бастапқы даму сатысындағы елдерге тән салалық жоспарлаудың айқын көрінбейтін жүйелі салааралық реформаларға баса назар аудару.
  • Қазақстанның бәсекелестік артықшылықтары пайдаланылады.
  • Сапалы өсу қағидаты.
  • Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін әсерге, индикаторларға ерекше көңіл бөлу.
  • Даму сатысы ілгері елдердің жоспарларына тән таза экономикалық жоспардың шеңберінен шығады.
2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары – Қазақстан Үкіметінің Үшінші жаңғырудың міндеттерін орындау жөніндегі жұмыс жоспары.

Қазақстандық даму моделінде Стратегиялық жоспарлар мақсаттар мен ниеттерді жариялап қана қоймайды. Біздің жоспарлар – бұл «болашаққа өту көпірлері». Жоспарлау – елді дамытудың жұмыс құралы. Болашақты пайымдауға, Үкіметтің не және не үшін жасап жатқанын түсінуге Қазақстанның бизнесі де, қарапайым азаматтары да, әлемдік инвестициялық қоғамдастық та мұқтаж.

 

2. Біздің 5-10 жылымыз бар. Замануи кезеңдегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктер

 

Біздің дамыған 30 елдің лигасына одан әрі жылжуымыз күрделі сыртқы жағдайларда жүретін болады. 10 жыл бұрын болған 2007-2009 жылдардағы қаржылық дағдарыс әлемдік экономика мен геосаясатта жедел және қауіпті өзгерістердің бастау көзіне айналды. Әлемнің көпполярлы модельге көшуі қақтығыстармен және дағдарыстармен, экономикалық, технологиялық және геосаяси бәсекелестікпен ілесе жүреді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары: ұлттық адами капиталдың жоғары деңгейі, технологиялық жаңғырту мен цифрландыру, экономикалық өсудің сапасы. Әлемнің озық экономикаларындағы теңдессіз инновациялар толқыны Қазақстаннан болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жедел ден қоюды талап етеді. Озық елдердің Индустрия 4.0 жаңа технологиялық тәртібіне өтуі басталды және бұл жерде кейін қалуға жол берілмейді.

 

Әлемдік экономикада серпінді жылжуларды ескере отырып, 2025 жылға дейінгі кезең Қазақстан үшін стратегиялық сипатқа ие. Таяу жылдарда қай мемлекет жаңа сын-қатерлерді жеңіп шығатыны, ал қайсысы жеңіп шықпайтыны шешілетін болады. Жеңіп шыққандары, даму көшбасшыларының қатарына кіреді, жеңіп шықпағандары озық шешімдерді импорттай отырып, барлық туындайтын салдарымен әлемдік прогрестің шетінде қалып қояды.

 

Қазақстан – ашық ел; Қазақстанның ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға тығыз интеграцияланған. Сондықтан 2025 жылға дейінгі кезеңде экономиканы ықтимал сыртқы күйзелістерден қорғау және елдің жедел дамуы үшін жаңа факторларды қосуға озық өз герістер керек. Егер бұны жасамасақ, онда таяу жылдар перспективасында Қазақстан мынадай маңызды қатерлерге ұшырауы мүмкін:

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі. Өсіп кеткен протекционизм мен санкциялық қақтығыстар тәжірибесінің кеңеюі аясында әлемдік сауданың көлемі төмендеді. «Жаңа болмыс» жалпы әлемдік сұраныстың азаюына және дамып келе жатқан елдердің өсу қарқының бәсеңдеуіне әкелді. Мұндай сыртқы жағдайларда Қазақстанға экономикалық өсу қарқынын жылына 2-3% деңгейінде консервациялау, яғни дамып жатқан экономикалар үшін орта әлемдік деңгейден төмен және дамыған 30 елдің лигасына кіру мүмкіндіктерінен айырылу қаупі төніп тұр;

«Орта кіріс» тұзағы. Басты көрсеткіштер бойынша Қазақстан экономикалық дамудың орта деңгейіне қол жеткізді. Салыстырмалы елдердің тәжірибесі орта деңгейде «қалып қою» қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Егер алдын ала режимде экономикалық өсудің жаңа моделіне көшпесе, Қазақстанға табысы орташа елдердің деңгейінде ұзақ мерзімді стагнация және көрші елдерге қарағанда, бәсекеге қабілетті позицияларынан айырылу қаупі бар.

Технологиялар импортына, құрамдауыштар мен мамандардаға тәуелділіктің күшейюіне байланысты бәсекеге қабілеттіліктен айырылу. Ал ұлттық экономикадағы мемлекеттік сектордың басым болуы сыртқы және ішкі нарықтағы эконмоикалық қызмет субъектілері арасында шектелген бәсекелестікке әкеледі, бұл қазақстандық кәсіпорындардың жалпы бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Технологиялық артта қалудың ұлғаюы. Әлемнің озық елдерінде болып жатқан технологиялар серпілісі ұлттық адами капиталға мүлдем жаңа талаптар қойып отыр.Адамдардың ең жаңа дағдылары мен қабілеттіктерін дамыту – Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіруінің одан әрі жылжуы үшін аса маңызды міндеті. Қазақстан кадрлар даярлауды, ғылыми және қолданбалы зерттеулерді, стратаптарды қолдауды, озық технологиялар трансферін және т.б. қоса алғанда, инновациялық экономикаға қуатты импульс беретін озық жүйелі реформаларға мұқтаж. Осындай мәселелерде кеш қалу Қазақстан үшін «арта қалған ел» атын иелену қаупі бар.

Өмір сүру сапасының төмендеуі. Егер ел экономикалық бәсекеге қабілеттігінен айырылса, бұл тікелей азаматтардың әл-ауқатына әсер етеді. Ерте ме, кеш пе өткен кезеңдер мұрасының (әлеуметтік және физикалық инфрақұрылым, экологиялық әлеует сияқты) артықшылықтарын жоғалту нәтижесінде «ресурстардың таусылуы» әсері басталады. Салыстырмалы елдердің тәжірибесін ескере отырып, «кедейліктің технологиялық тұзағына» түсу қаупі бар.

Жаңа болмыс ел үшін елеулі тәуекелдер жасайды және сонымен қатар бірігей мүмкіндіктерге жол ашады. Қазақстанның жинақталған әлеуеті елге ең тиімді шарттарды жаңа, енді туындап келе жатқан әлемдік еңбекті бөлуге белсенді енуге мүмкіндік береді. 2025 жылға дейінгі кезеңде біз мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек.

Қазір бет бұрмаса, Қазақстан «кедейшіліктің технологиялық тұзағына» түсіп, ондаған жылдарды өткізіп алу тәуекеліне ұшырайды. Англия, Германия мен АҚШ едәуір алға шығып, «булы машиналар индустриясын» меңгермеген елдер тұтас бір дәуірге аутсайдерге түсіп қалған ХVII-XIX ғасырларда өнеркәсіптік революция кезеңінде осылай болды. Бүгінгі таңда Қазақстан осындай кең ауқымды өзгерістер сатысында тұр, бірақ экономиканы түбегейлі трансформациялауға және оның бейімделуіне елдің 5-10 жылы ғана бар.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары жаңа қатерлерге жауап болып табылады. Ол Қазақстанның жаңа жаһандық бәсекелес ортада бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге және Қазақстанға жаңа әдемдік еңбекті бөлуде перспективалы позицияларды бекітуге арналған.

 

3.  «Уақыттан озу». Жаңа экономикалық өсу моделі

Әлемнің озық елдері жедел түрде индустриалдық даму кезеңінен инновациялық кезеңге көшуде. Бұл көшу базалық салаларда жаңа технологияларды жаппай енгізумен және 4.0 технологиялық тәртіптің қағидатты түрде жаңа болашақ индустрияларын құрумен ілесе жүреді.

Әлемде инновациялар көлемі бұрын соңды болмаған қарқынға жетті. Бұл ретте минералды шикізат ресурстары шешуші бәсекелестік артықшылық болудан және елдің табысын кепілдендіруден қалды. Елдің табысы ең озық практикалар мен технологияларды игеру қабілетімен айқындалады.

Инновациялар серпілісі жағдайында озық елдердің экономикалық өсу моделінің өзі өзгереді. Бүгінгі таңда бәсекеге қабілеттілік бәйгесінде ұтылып қалмас үшін Қазақстанның ұлттық экономикасы құрылған жоғары әлеуетке сүйене отырып, жедел жаңа экономикалық өсу моделін игеру қажет.

Жаңа экономикалық өсу моделіне өту ағымдағы мемлекет саясатында қағидатты өзгерістерді талап етеді:

  1. Жаппай өнімділік пен сапаға бағдарлану: Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өнімділігін, әртараптандырылуы мен сапасын арттыру есебінен өндіріс көлемін өсіру.
  2. Адамдардың, кәсіпорындар мен салалардың технологиялық бағыттылығы: Өмір сүрудің барлық кезеңдерінде креативті, когнитивті дағдыларды дамыту, жаппай технологиялардың енуі мен жалпыға бірдей цифрландыру.
  3. Бәсекеге қабілеттілік өсудің стимуляторы ретінде: салаларды монополиядан шығару, экспортты ілгерілету, технологиялық компанияларды оқшаулау және таланттарды тарту есебінен бәсекелестікті көтермелеуге.
  4. Жеке сектордың басым рөлі: тосқауылдарды жою, инвестицияларды ынталандыру,iске асыру үшiн ортақ жауапкершiлiк.
  5. Өңірлердің белсенді ұстанымы және теңгерімді өңірлік даму: экономикалық дербестілік, жауапкершілік, бәсекеге қабілеттілік және өңірлер арасындағы кооперация.

 

Бұл өзгерістер өтпелі идеологияның негізін қалап, 2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың жүйелі реформаларының, басымдықтары мен міндеттерінің негізін қалайды.

Экономикалық өсу қайда орын алады?

Жаңа экономикалық өсу моделі Қазақстанның ұлттық экономикасының жоғары бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Ол адамдардың жоғары кәсіби даярлық және уәждеу деңгейін талап етеді. ХХI ғасырдың қалыптасып келе жатқан даму парадигмасы адами капиталдың сапасын бірінші орынға қояды.

Үш негізгі драйвер толық жұмыс істей бастайды:

  1. Бірінші – «технологиялық экономика». Бұл технологиялық жаңарту мен базалық салаларды цифрландыру және олардың әлемдік нарықтардағы позицияларын күшейту. Бұған агроөнеркәсіптік, тау-кен және отын-энергетикалық кешендер жатады. Біз өзіміздің базалық салаларымыздан бас тартпаймыз. Олар экономиканың негізін құрап, орта мерзімді перспективада басқа салалар үшін қозғалтқыш болып қала береді. Операциялық тиімділікті арттыру, қайта өңдеудің барынша тереңдету, жаһанды жеткізу тізбегіне қосу – міне олардың дамуы үшін бағдарлар. Бірінші драйвер есебінен біз тереңге өсеміз.
  2. Екінші драйвер – «экспортқа бағдарланған экономика». Бұл жаңа қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығарылуына назар аудара отырып, өңдеу өнеркәсібін одан әрі индустрияландыру. Біз жоғары технологиялық қайта өңдеу тауарларын шығара алатын жүйе құрушы жобаларды іске асыруға мән береміз. Бұл «салмақ орталықтары» индустриялық кәсіпкерліктің шекті массасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «4.0 Индустриясы» технологияларын енгізу негізге айналады. Екінші драйвер есебінен біз көлденең өсеміз.
  3. Үшінші драйвер – «жаңа экономика». Бұл жаңа индустриялар құру мен қызметтер көрсету саласын дамыту. Цифрландыру мен технологиялық революция дәстүрлі экономика салаларының базасында және төңірегінде жаңа индустриялардың пайда болуына мүмкіндіктер жасайды. Жаңа индустриялар тауар өндірісінде де, сол сияқты қызметтер көрсету саласында да пайда болады. Экономиканың жаңа «өсу нүктелері» болып экспортқа бағдарланған және жоғары өнімді қызметтер болуы тиіс. Бұл, мысалы, көлік және логистика, аэроғарыш қызметтері, инжиниринг, АКТ, білім беру, медициналық туризм. Үшінші драйвер есебінен біз биікке өсеміз.

Бастысы – шикізат емес, жинақталған өндіріс қорлары емес, қаржылық капитал емес және тіпті инновациялардың өзі ғана емес. Инновациялық экономикада басты даму көзі – бұл адамдар, олардың дағдылары, қабілеттіктері мен құзыреттері.

Адами капиталының деңгейі жоғары – бизнес пен инвесторға біліктілігі кез келген деңгейдегі мамандарды ұсына алатын елдер даусыз бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарға ие.Салыстырмалы түрде халқы жас, базалық білімі, тұрақтылығы мен келешекке ұмтылысыжақсы бола тұра, Қазақстанның адами капиталының даму әлеуеті күшті.

Қазақстанда ХХI ғасырдың сұраныстарына сай, жаңа білім беру индустриясын дамыту үшін маңызды негіз қаланды. «Болашақ» бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасы, Назарбаев Университеті, Назарбаев зияткерлік мектептері, жоғары білім берудің Болон жүйесіне көшуі, үш тілділікті насихаттау, білім беруді цифрландыру – осы жетістіктердің бәрі, сөзсіз, ұлттық адами капиталды күшейтеді және кадрларды даярлауда сапалы серпін жасау үшін мүмкіндіктерді ашады.

Адами капиталдың рөлі жетекші болған кезде экономикалық өсудің жаңа моделіне өту – алда тұрған жүйелі реформалардың негізі.

 

4. Біздің нысаналы өсу траекториямыз. Оптимизм үшін негіздер

Халықтың, бизнес және мемлекеттік сектор өкілдерінің болжамдарына сәйкес Қазақстан адамдардың өмір сүру деңгейі өсіп келе жатқан және озық технологиялар мен дағдыларға негізделген экономикасы бәсекеге қабілетті ашық, бірегей және әділ елге айналуы тиіс.

Бұл мақсатқа қол жеткізу жылына орташа есеппен ЖІӨ-нің кемінде 4,5-5,0% деңгейінде ұлттық экономиканың өсуіне сәйкес келеді, бұл Қазақстанға 2025 жылға қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге 46 100 АҚШ доллары деңгейінде қол жеткізуді (сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша) қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

…ЭЫДҰ елдерімен салыстыруға келетін, адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға апаратын экономиканың сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету

 

Бұл бағыт жаңа жағдайдағы 2050 стратегиясының үдемелі жалғасы және мұндай бағыттың баламасы жоқ. Өсу қарқыны орташа әлемдік өсуден төмен болған кезде Қазақстанның озық елдерден қалып қоюы жинақталып, дамыған 30 елдің қатарына кіру міндеті мүмкін болмас еді. Нысаналы траекторияның параметрлері кездейсоқ емес. Дәл осы көрсеткіштер бізді дамыған 30 елдің қатарына кіруге – жоғары әл-ауқат деңгейі мен бәсекеге қабілеттілікке әкеледі.

Бүгінгі таңда Қазақстанның алға батыл қадам жасау үшін жеткілікті экономикалық, интеллектуалдық және саяси ресурстарға ие. 2025 жылға дейінгігі Стратегиялық жоспар Қазақстанның ұлттық жетістіктерінің берік іргетасына сүйенеді.

Қазақстан дағдарыстар кезінде өсудің оң қарқынын сақтап, 2025 жылға дейінгі нысаналы траекторияға шықты

Қазақстан Тәуелсіздік жылдарының өзінде жасаған дамуындағы теңдессіз серпілісі оптимизмге негіз береді.

Стратегиялық бағыттың тиімділігі. Қазақстанның ЖІӨ-сі 25 жыл ішінде 3 есе өсті, бұл кедей елдер санатынан орташа даму деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. ХХI ғасырда қазақстандық экономиканың өсуінің орташа қарқыны әлемдік экономиканың өсу қарқынынан жоғары.

Соққыға қарсы тұра білу. Қазақстан дағдарысқа қарсы саясатта елеулі тәжірибесі бар. 1997-1998 жылдардағы Азия дағдарысы, 2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржылық дағдарыс және 2014 жылы басталған «жаңа болмыс» – осының бәрі қазақстандық даму моделін беріктілікке сынаған аса күрделі қатерлер. Дағдарыстар кезеңінде Қазақстан басқа мемлекеттерге қарағанда өсудің оң траекториясын сақтай отырып, «соққыға» қарсы тұра алатынын дәлелдеді.

Жаңа болмысқа бейімделу. 2017 жыл – Үшінші жаңғыру бастау алған жыл. 2017 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша САҚП бойынша 26 000 астам АҚШ долларын құрайды, бұл ТМД-дағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Қазақстан экономикасының «жаңа болмысқа» бейімделуі табысты өтуде.

 Өнеркәсіп секторындағы стратегиялық инвестициялық жобалар экономиканы әртараптандыру үшін негіз қалайды

 

5.ЖІӨ ғана өсуі емес. Сапалы серпін параметрлері

ХХI ғасырдың даму парадигмасында экономикалық өсудің жоғары қарқыны қажетті, бірақ ұлттық жетістік үшін жеткіліксіз шарт болып табылады. Күрделі және тез өзгеріп жатқан әлемде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) елдегі өмір сүру сапасын, азаматтардың нақты әл-ауқатты деңгейі мен ұлттық экономиканың бүкіл әлеуетін толық сипаттамайды. Қазақстанның ЖІӨ тұрақты жоғары өсу қарқынына қол жеткізумен қатар 2025 Стратегиялық жоспары сапалы серпін жасау міндеттерін қойып отыр.

«Біз жиі пайдаланатын индикатор – Жалпы ішкі өнімнің бірқатар кемшіліктері бар. ЖІӨ экономикалық қызметтің ұзақ мерзімді сипатын көрсетпейді. Ол табиғи ресурстардың азаюын қоса алғанда, қоршаған ортаға келтірілетін зиянды ескермейді. Бұдан басқа, белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейін көрсетпейді. Жан басына шаққандағы ЖІӨ азаматтардың нақты ауқаттылығын көрсетпейді, кірістер бойынша халықтың бөлінуін ескермейді. Дәстүрлі ЖІӨ экономикалық өркендей туралы жалған ұғым тудырады».

Н. Назарбаев, Х Астаналық экономикалық форумның пленарлық отырысындағы сөзі, 2017 жылғы 16 маусым

 

Жаңа өмір сүру сапасы мен жаңа экономикалық өсу сапасы – Қазақстанның жоғары дамыған ел деңгейіне қол жеткізуі үшін аса маңызды міндеттер.

2025 Стратегиялық жоспарының ерекшелігі: сапалы мақсаттар барынша нақтыланған. Айқын сапалы индикаторлардың болуы Үкіметке даму сапасын басқаруға мүмкіндік береді, ал бұл қазіргі даму кезеңіндегі өсу моделіне қойылатын аса маңызды талап.

Нақты сапа индикаторларына біртіндеп бағдар жасау үкіметтік және өңірлік деңгейде мемлекеттік басқарудың тиімділігін елеулі арттыруы тиіс. Белгіленген деңгей барлық ведомствоның өз жұмысының деңгейін «тартуға» мүмкіндік береді.

Түйінді ұлттық индикаторлар

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің қағидатты түрдегі жаңа деңгейі – бұл алты нақты мақсат, экономикалық өсу сапасының индикаторлары

Қазақстанның қағидатты түрдегі жаңа ұлттық әл-ауқатының деңгейі – бұл алты нақты мақсат, адамдардың өмір сүру сапасының индикаторлары

6. Эволюциялық–серпінді жол.Қазақстандық модель әлеуеті

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, қазіргі уақытта оларды бүкіл әлемде «Қазақстандық модель» деп атайтын, өзінің даму тәсілдерін қалыптастырды.

Қазақстандық модель әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтай отырып, біртіндеп жақсарулардың эволюциялық жолын серпінді сипаттағы батыл қадамдармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның алдыңғы екі жаңғыруы осындай эволюция мен үдемелі дамуды байланыстырудың арқасында табысты болды.

Қазақстандық даму моделі – қазіргі жағдайда елдің маңызды бәсекелес артықшылығы. «Н. Назарбаев моделі» Үшінші жаңғыру реформаларының серпінділігі мен жүргізіліп жатқан бағдардың тұрақтылығын байланыстыра отырып, бұдан әрі де озық іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. 2025 дейінгі Стратегиялық жоспар жүйелі өзгерістердің екі «қозғалтқышын» қамтиды.

  1. Біріншісі – үдемелі. 2025 жылға дейінгі жүйелі реформалар — бұл ел экономикасы мен әлеуметтік тыныс-тіршілігінде 2025 жылға дейін болуы тиіс жеті аса маңызды серпінді өзгеріс. Осы өзгерістерді іске асырмай, 2025 дейінгі Стратегиялық жоспардың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу мүмкін емес. Үдемелі және эволюциялық тәсіл бірін бірі толықтырады және күшейтеді. Қазақстандық модельдің әлеуеті – жаһандық экономикадағы жоғары серпінділік пен жоғары белгісіздікке жауап.
  2. Екіншісі – эволюциялық «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асырудың басым саясаттары – бұл «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басым бағыттар бойынша Үкімет жүзеге асырып бағдар. Үкіметтің жеті саясаты реформалар жүргізу барысында әлеуметтік тұрақтылықтың берік сақталуын қамтамасыз етуге арналған.

Үдемелі және эволюциялық тәсіл бірін бірі толықтырады және күшейтеді. Қазақстандық модельдің әлеуеті – жаһандық экономикадағы жоғары серпінділік пен жоғары белгісіздікке жауап.

7 жүйелі реформа және 7 басым саясат жоспары

 

Табысты іске асыру қағидаттары:

  • Реформаларды іске асыру үшін нақты жауапкершілік
  • Енгізу нәтижелері үшін жауапкершілікті бизнеспен және қоғамдастықпен бөлу
  • Нәтижеге назар аудару және бағалау
  • Жұмыс барысын цифрлық бақылауға негізделген жедел мониторинг.

 

2025 жылға дейінгі Қазақстанның басты мақсаты

Отыз дамыған ел жолында ЭЫДҰ елдерімен салыстырылатын адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға алып келетін сапалы әрі тұрақты өсуіне қол жеткізу.

 

1-реформа

Жаңа адами капитал

ХХІ ғасырдың жоғары сапалы және сұранысқа ие дағдылары бар адами капиталды дамыту Қазақстан экономикасының одан әрі өсуіне ықпал ететін басым міндет болып табылады.

Қазақстан адами даму индексі жоғары ел болып табылады – 188 елдің арасында 56-орын. Біз әлемнің демографиялық серпіні оң аз ғана елдердің біріміз. Біз экономикалық айналымға қолжетімді адами ресурстарды тарта отырып, дағдарыстан сәтті өттік. Сонымен бірге, бүгінгі таңда халықтың 11% ғана білім экономикасы саласында жұмыс істейді. 5-7 жылдан кейін экономикаға 20-25% «ақылды» жұмыс орындары мен мамандар қажет болады. Бұл бізге қойылатын талап. Таяу он жыл перспективасында кадрлардың біліктілігі мен құзыретілігінің жеткіліксіздігі өсу үшін айтарлықтай кедергі бола алады.

Осы реформа шеңберінде біз экономика мен мемлекеттің жақсы даярланған кадрларда ағымдағы және болашақ қажеттіліктерін қамтамасыз етуіміз тиіс. Аса қағидатты мәселе: білім беру жүйесінің жаңа экономиканың қажеттіліктерімен байланысы.

«Білім беру экономикалық өсудің негізі ретінде» басымдығы

Аталған басымдық мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды:

  • жаппай қамтитын және талап етілетін білімге қол жеткізу;
  • педагогикалық кадрларды даярлау сапасы мен уәждеуді арттыру;
  • білім беруді жаһандық ортаға интеграциялау.

Қазақстанның барлық халқы үшін білімнің қолжетімділігі мен инклюзивтілігі қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігін пайдалана отырып, жеке мектепке дейінгі білім беру орындарының желісін дамыту есебінен когнитивті дамытуда және оқуға қызығушылықты ынталандыруда маңызды бастама болатын 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту артады. Барлық ниет білдірушілер жұмыс біліктіліктері бойынша тегін техникалық кәсіптік білім ала алады. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар барлық деңгейлерде білімге қол жеткізе алады.

Білім беру жүйесі түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ болашақ экономика үшін сұранысқа ие мамандықтар ескеріле отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын икемді қалыптастыру есебінен Қазақстан экономикасын жаңғырту үшін кадрларды даярлау сапасын жақсартуға бағытталады. Ол үшін функционалдық сауаттылықты, сыни ой-танымды, білім мен дағдыларды нақты өмірде пайдалану қабілетін қалыптастыруға бағытталған, барлық деңгейлерде білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша жүйелі және тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Оқу орындарының академиялық еркіндігінің және оларды басқаруда қоғамдық қатысудың деңгейі артады. Оқу орындарының академиялық, операциялық және қаржылық қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда қамқоршылық және қадағалау кеңестерінің рөлі артады. Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын әзірлеуде дербестік беріледі және бітірушілерді еңбек нарығына даярлау міндеті қойылатын болады.

Барлық білім беру деңгейлерінде әріптестікті кеңейту және жеке инвестицияларды тарту білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың маңызды құралы болып табылады. Ол үшін «ақша оқушының артынан жүреді» қағидаты бойынша әрекет ететін барлық меншік нысанындағы білім беру орындары арасында бәсекелестікті қамтамасыз ететін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі. Оқу орындары мен бизнес арасында білім беру гранттарын бірлесіп қаржыландыру, тағлымдамадан өту, тәлімгерлік, тренингтер мен практикалық оқыту іс-шаралар түрінде әріптестік дамиды.

Білім беруді басқару жүйесін құру есебінен білім беруді жаппай цифрландыру жүргізіледі. Мысалы, балаларды бала бақшаларға қабылдау процесі автоматтандырылады, орта білім беруде электрондық күнделіктер мен журналдар енгізіледі. Барлық деңгейлерде интерактивті және қашықтықтан оқытуға арналған цифрлық білім беру контенті құрылады.

Заманауи білімі бар, сондай-ақ оқыту технологиялары мен әдістерін білетін біліктілігі жоғары педагогтарсыз білім беру сапасын арттыру мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагог жаңа технологиялық тәртіпке көшу процесінде жол көрсетуші болуы тиіс. Ол үшін болашақ педагогтарды оқыту, қазіргі педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру, оқытушы кәсібінің мәртебесін арттыру тәсілдері қайта қаралатын болады.

Мұғалімдерге еңбекақы төлеу деңгейі жаңартылған мазмұнға ауысу мен мұғалімдердің біліктілік деңгейін арттыруды ескере отырып, кезең кезеңмен арттырылатын болады. Үлгілік оқу жоспарларын қайта қарау педагогика жұмыскерлеріне түсетін нормативтік оқу жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, бұл оқыту сапасын, педагогтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау деңгейін арттырады.

Педагогикалық кадрлар мен ТжәнеКБ жүйесінің басшыларын қайта даярлау үшін практикалық бағдарлануды және кәсіптік-тұлғалық әлеуеттің дамуын ескеретін, инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың жаңа моделі енгізіледі. Өндірістен келген мамандар педагогикалық шеберлікке WordSkills стандарттары бойынша оқытылатын.

Сыртқы нарықтарда қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын арттыру үшін білім беру хабы құрылады және білім беру қызметтері мен өнімдерінің экспортын дамытуға басты назар аударылады.

  • Түгел қамтитын және сұранысқа ие білімге ие қол жеткізу міндеті
  • Білім берудің қолжетімділігі мен инклюзивтілігін қамтамасыз ету
  • Білім берудің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалардың мазмұнын жаңарту
  •  Академиялық еркіндікті және жұртшылықтың қатысуын арттыру
  • Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту
  • Білім беруді цифрландыру

Педагогикалық кадрларды ынталандырумен даярлау сапасын арттыру

  • Педагогикалық кадрлардың беделі мен ынтасын арттыру
  • Педагогикалық оқу орындарындағы бағдарламаларды жаңарту
  • Педагогикалық біліктілікті арттыру және озық педагогикалық практиканы тарату
  • Қажетті педагогикалық ресурстарды қамтамасыз ету

Білім беруді жаһандық ортаға интегарциялау

  • Білім беру хабын құру және ағылшын тілінде білім беру қызметтерін дамыту

 

«Кадрларды даярлау жүйесін жаңа экономиканың талаптарына қайта бағдарлау» басымдығы

 

Басымдық мынадай міндеттерді орындау есебінен жүзеге асырылады:

  • ұлттық болжамдау және біліктіліктер жүйелерін дамыту;
  • кәсіпорындарға қызметкерлердің біліктілігін арттыруда қолдау көрсету

Қазақстан алдында жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңарту мен цифрлендыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндет тұр. Оған еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті қызметкерлердің келуі есебінен де, сол сияқты жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді оқыту арқылы да қол жеткізіледі.

Еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек ресурстарының дамуын болжамдаудың ұлттық жүйесі дамиды. Еңбек нарығының даму ахуалы мен болжамдарын есепке алу негізінде жұмыс күшіне қойылатын сапалы талаптардың қалыптастырылуын қамтамасыз ететін Ұлттық білім жіктемесі тұрақты түрде жаңартылады.

Барлық кәсіптер бойынша білім, дағдылар мен құзыреттер жиынтығын айқындайтын өзектендірілген кәсіптік стандарттар бизнестің мамандар әзірлеу бойынша техникалық тапсы рма және білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу мен жаңартудың негізі болады.

Өмір бойы оқу тұжырымдамасы шеңберінде ел кәсіпорындарының жұмыс істеп жатқан басшылары мен персоналын қайта оқытуды ескеретін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дамиды. Технологиялық өзгерістерді іске қосуға қажетті мамандарды қайта даярлау үшін жоғары оқу орындары мен ТжәнеКБ орындары түрлі форматта жүргізілетін, оқу мен жұмысты бірге алып жүруге мүмкіндік беретін қызметкерлерді қайта оқыту және біліктілігін арттыру бойынша курстар ашады. Жұмыс істеп жатқан кәсіптік білім беру орындарынан бөлек оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады.

 

«Кадрларды даярлау жүйесін жаңа экономиканың талаптарына қайта бағдарлау» басымдығы

 

Басымдық мынадай міндеттерді орындау есебінен жүзеге асырылады:

  • ұлттық болжамдау және біліктіліктер жүйелерін дамыту;
  • кәсіпорындарға қызметкерлердің біліктілігін арттыруда қолдау көрсету.

Қазақстан алдында жаңа экономиканы өнімділікті арттыруға, кәсіпорындар мен салаларды технологиялық жаңарту мен цифрлендыруға қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндет тұр. Оған еңбек нарығына білім беру жүйесінен жаңа білікті қызметкерлердің келуі есебінен де, сол сияқты жұмыс істеп жатқан қызметкерлерді оқыту арқылы да қол жеткізіледі.

Еңбек нарығының болашақ қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек ресурстарының дамуын болжамдаудың ұлттық жүйесі дамиды. Еңбек нарығының даму ахуалы мен болжамдарын есепке алу негізінде жұмыс күшіне қойылатын сапалы талаптардың қалыптастырылуын қамтамасыз ететін Ұлттық білім жіктемесі тұрақты түрде жаңартылады.

Барлық кәсіптер бойынша білім, дағдылар мен құзыреттер жиынтығын айқындайтын өзектендірілген кәсіптік стандарттар бизнестің мамандар әзірлеу бойынша техникалық тапсырма және білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік базаны әзірлеу мен жаңартудың негізі болады.

Өмір бойы оқу тұжырымдамасы шеңберінде ел кәсіпорындарының жұмыс істеп жатқан басшылары мен персоналын қайта оқытуды ескеретін жоғары оқу орнынан кейінгі білім дамиды. Технологиялық өзгерістерді іске қосуға қажетті мамандарды қайта даярлау үшін жоғары оқу орындары мен ТжәнеКБ орындары түрлі форматта жүргізілетін, оқу мен жұмысты бірге алып жүруге мүмкіндік беретін қызметкерлерді қайта оқыту және біліктілігін арттыру бойынша курстар ашады. Жұмыс істеп жатқан кәсіптік білім беру орындарынан бөлек оқыту инфрақұрылымы кәсіпорындар жанындағы_ оқу орталықтарымен және жеке провайдерлермен толықтырылады.

Ұлттық болжау және біліктілік жүйелерін дамыту

  • Сабақтың өзекті жіктемесін сақтау
  • Болжау құралдарын дамыту
  • Кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектендіру
  • Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және кәсіби стандарттар негізінде оқыту нәтижелерін бағалау

Қызметкерлердің біліктілігін арттыруда кәсіпорындарды қолдау

  • Қайта даярлау бағдарламаларын дамыту

Шетелде кәсіпорындар жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру

 

«Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» басымдығы

Бұл басымдық мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды:

  • еңбек ұтқырлығын арттыру мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да белсенді шаралары;
  • еңбек делдалдылығының тиімді моделін құру;
  • шетелден біліктілігі жоғары кадрларды тартуға қолайлы жағдай жасау.

Қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуі бүкіл экономика өнімділігінің өсу негізі болып табылады. Өнімді жұмыспен қамтуды арттыру үшін жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтығандар мамандық алу, біліктілігін өзгерту немесе кадрлар тапшы өңірлерге ерікті қоныстану мүмкіндігін алады. Өнімді жұмыспен қамту нысандарының бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту микрокредиттеуді және тәжірибелі бизнес-жаттықтырушылардың басшылығымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтиды. Сондай-ақ кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру нәтижесінде босатылатын қызметкерлерді қолдау бойынша шаралар қабылданады.

Ең алдымен ауылдық жерлердегі өзін өзі жұмыспен қамтыған халық арасында бейресми жұмыспен қамтуды азайту үшін тіркеу, есепке алу және салық салу жүйесі, әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесімен қамту, еңбек шарттарын «заңдастыру» оңайлатылады.

«Көлеңкелі» жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі, профилактикалық шаралар кеңейтіледі, «жозықсыз жұмыс берушілер» тізілімі енгізіледі.

Салалар, елді мекендер және санаттар арасындағы еңбек ресурстарының ағындарын тиімді басқару еңбек нарығының айқындылығын арттыру және оның инфрақұрылымын дамыту есебінен қамтамасыз етіледі. Электрондық еңбек биржасы енгізіледі, жұмыспен қамту орталықтары автоматтандырылады, кәсіптік бағдарлау, талап етілетін кәсіптерге оқыту, жұмыспен қамту қызметтері енгізіледі. Жеке агенттіктер дамиды.

Кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесін қайта құрудың өтпелі кезеңінде Қазақстанға білікті қызметкерлерді, ең алдымен шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтарды тарту есебінен құзыреттер тапшылығын қанағаттандыру қажет болады. Шетелдік таланттарды тарту үшін визалар мен жұмысқа рұқсаттарды алу шарттары, мерзімдері мен процестері жақсартылады. Бұл ретте еңбек нарығын заңсыз көшіп келушілерден және біліктілігі төмен қызметкерлерден қорғау шаралары енгізіледі.

 

«Өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу» басымдығы

 

  • Кәсіпорындарды жаңғырту және цифрландыру нәтижесінде босатылған қызметкерлерді қолдау

  • Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін қысқа мерзімді кәсіптік оқыту

  • Бейресми жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің қызметін формалдандыру

  • Жаппай кәсіпкерлікті дамыту

  • Ерікті қоныстануға жәрдемдесу

  • Еңбек делдалдығының тиімді моделін құру

  • Электронды еңбек биржасын енгізу

  • Халықты жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту

  • Жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерін азаматтарды жұмысқа орналастыруға тарту

  • Жоғары білікті шетел жұмысшыларын тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау

 


2 реформа

 

Технологиялық жаңарту және цифрландыру

 

Реформа бар салалардың және жалпы экономиканың өнімділігін арттыруға, сондай-ақ оның күрделілігін арттыруға бағытталған. Шығындардың төмендеуі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің артуы, салалардың әртараптандырылуы мен жоғары өнімді жұмыс орындары санының өсуі негізгі нәтиже болады.


Болашақ пен технологияларды бүгінгі таңда бөлуге болмайды. Жаппай цифрландыру мен технологиялық қайта жарақтандыру арқылы біз экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету жолындағы басты тосқауыл – төмен өнімділікті еңсеру тұр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасының барлық салаларында еңбек өнімділігі деңгейінде дамыған елдерден артта қалу байқалады. Мысалы, ауыл шаруашылығында мұндай артта қалу дәрежесі 12-15 есе, тау кен өндіру өнеркәсібінде 5-10 есе, өңдеу өнеркәсібінде 2-4 есе байқалады. Экономиканың күрделілігі мен ғылымды қажетсінуінің одан әрі артуы ҒЗТКЖ-да инвестиция-

лардың төмен деңгейімен шектелген, олар Қазақстанда ЖІӨ-нің 0,15%-ын ғана құрайды (Ресей мен Бразилияда – 1,2%, Канадада – 1,6%, Австралияда – 2,2%), ол инновацияларға төмен сұраныс пен қолданбалы зерттеулердің жетіспеуіне байланысты.

 

 

«Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру» басымдығы

 

  • Аталған басымдық мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды:
  • болашақ технологияларын дамыту;
  • инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру тосқауылдарын жою;
  • технологиялық жоғары өнімді компанияларды тарту.

 

Технологиялық жаңғырту жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өнімділігін арттырады, оларды заманауи және сыртқы нарықтарда неғұрлым бәсекеге қабілетті етеді. Жаңа технологиялар жергілікті стартаптардың да, сол сияқты Қазақстанның аумағында орналасқан шетелдік компаниялардың да жаңа жоғары өнімді кәсіпорындарының пайда болуының іргетасыны айналады. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін сақтау мен дамытудың негізі мемлекет пен бизнестің бірлескен күшімен цифрлық құрамдауышты дамыту болып табылады.

Өнеркәсіптің одан әрі жаңғыртылуының маңызды бағыты – төртінші өнеркәсіптік революцияның немесе 4.0 Индустрияның элементтерін пайдалана отырып, технологиялық процестерді, интерфейстерді және хаттамаларды ЭЫДҰ стандарттарына стандарттау, табысты шешімдерді тестілеу мен ауқымды ету үшін құзыреттер орталықтарын құру есебінен базалық салаларды технологиялық қайта жарақтандыру.

Компанияларды жаңғыртуға қажетті жабдықты жаңартуға және цифрлық технологияларды (мысалы, 3D принтерлер, автоматтандырылған дрондар, сенсорлар және т.б.), технологиялар трансфері мен кері трансферін енгізуге ынталандыру шаралары әзірленіп, енгізіледі.

Заманауи, оның ішінде жасыл жобаларды қаржыландыру бойынша жаңа құралдарды пайдалана отырып, энергия тиімділігі стандарттарын енгізуге және ЭКСПО базасында «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобаларды дамыту жөнінде халықаралық орталық құруға бағытталған жасыл технологиялар дамиды.

Салаларды технологиялық жаңарту және цифрландыру үшін жағдай жасау мақсатында сенімді, қолжетімді және қауіпсіз цифрлық инфрақұрылымды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы дамиды, заңнамалық тосқауылдар алып тасталады.

Технологиялық жоғары өнімді компаниялар болашақ экономиканың негізіне айналады. Ол үшін жеке инновациялық компаниялардың пайда болуы мен дамуына, сондай-ақжоғары технологиялық шетел компанияларын  шоғырландыру үшін жағдай жасалады.
 

Болашақ технологияларын дамыту міндеті
 

  • Технологяилық процестерді стандарттау.
  • Индустрия 4.0 үшін құзыреттер орталығын құру .
  • Модельді цифрлық фабрикалар құру.

 

«Жаңа экономика үшін негіз құру» басымдығы

 

  • Аталған бастама мынадай міндеттердің іске асырылуын болжайды:
  • цифрлық құзыреті бар адамдарды дамыту;
  • инновацияларды ынталандыру;
  • ғылыми зерттеулер жүйесін дамыту
     

Бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі цифрлық құзыреті бар адамдарды дамыту болып табылады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандар мен басқарушылар, сол сияқты күнделікті өмірде цифрлық өнімдер мен шешімдерді пайдаланатын барлық азаматтар болып табылады. Ол үшін жергілікті және халықаралық компанияларды тарта отырып, өмірдің барлық салалар мен аяларында ІТ-дағдыларға оқыту, кәсіпкерлерге АКТ қызметтердің жеңілдетілген бастапқы топтамасын ұсыну, электрондық сауда мен электрондық үкіметтің дамуын ынталандыру кеңінен қолданылатын болады. Халықтың, шағын және орта бизнестің цифрлық сауаттылығын арттыруға басты назар аударылады.

Жаңа отандық инновациялық кәсіпорындардың (стартаптардың) пайда болуын қамтамасыз ету үшін инновациялық экожүйені дамыту жалғастырылады. Инновациялық жобалар мен стартаптарды кешенді қаржыландыру жүйесі енгізіледі, мемлекеттік гранттардың тиімділігі артады, жеке тәуекелді қаржыландыруды тарту үшін жағдай жасалады.

ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде Astana International Smart Technologies Hub халықаралық технологиялық хабты іске қосу цифрландыру саласындағы басым жоба болып табылады. Ол бір жағынан венчурлық инвесторларды, бизнес періштелерді, жеке инвестициялар қорларын және стартаптарға инвестицияларға мүдделі өзге инвесторларды және екінші жағынан өзінің идеяларын коммерцияландыру үшін қаражат іздеп жүрген бүкіл әлемнің стартаптары мен инноваторларын тартатын бірегей алаңға айналады.

Қолданыстағы ғылыми зерттеулер жүйесі отандық ғылымның белсенді жаңғыртылуын және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын белсенді қолдауға қайта бағдарланады. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, нәтижелерді коммерцияландыру бойынша жеке ортақ қаржыландыру үлесін арттырып, цифрландыру, жасанды интеллект, нейрожелілер, заттар интернеті, ғарыш қызметтері, дағдарыстарды болжамдау сияқты ең өзекті тақырыптар бойынша ғылыми жобалар жүргізіледі. Жас ғалымдарға қолдау көрсетіледі. Қазақстандық ғалымдар халықаралық ғылыми жобаларға қатысады, міндетті түрде қазақ және ағылшын тілдеріндегі нұсқаларымен 3-4 ғылыми танымал бұқаралық журналдар мен интернет-басылымдар, 6-8 қазақстандық ағылшын тіліндегі ғылыми журналдар дамиды.

Ғылымның бизнес-процестерін толық цифрландыру шеңберінде нақты уақыт режимінде ғылым жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе енгізіледі.

 

3-реформа. Бәсекелістік және бәсекеге қабілетті бизнес

 

Реформа мемлекет пен мемлекеттік монополиялардың рөлін қысқартуға, бизнес жүргізуде тосқауылдарды азайтуға, жеке, негізінен орта кәсіпорындардың өсуін ынталандыруға бағытталған. Негізгі нәтижелер бәсекелес ортаны дамыту, жеке секторды және кәсіпкерлік бастаманы өзектілендіру, шикізат емес экспорттың өсуі болады.

Қазіргі бизнеске салынатын реттеушілік жүктеме жылдам экономикалық өсуге жәрдемдеспейді. Мемлекет нарықтарда әлі де елеулі рөл атқарады. 18,6%-ын ЖІӨ-дегі мемлекеттік сектордың жалпы қосылған құнының үлесі құрайды. Мемлекет сектор қаржыны ғана емес, сол сияқты білікті кадрларды да өзіне тартып отыр. Үкімет бизнесті қайта реттеу бойынша қабылдап жатқан шаралар Қазақстанға 2017 жылы өз көрсеткіштерін 15 тармаққа жақсартып, Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде 36-орынға ие болуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, бизнес-қоғамдастықтың пікірінше, бізге жетілдірілген бәсекелестік туралы айту әлі ерте.

Қазақстанның Үшінші жаңғырту шеңберіндегі жаңа экономикалық өсу моделі жеке сектордың жетекші рөліне негізделеді. Нақ өзі одан әрі дамудың қозғалтқышына айналуы, технологиялық жаңарудың бағыттарын айқындауы, өз жұмыскерлерінің құзыреттері мен дағдыларының тұрақты дамуын қамтамасыз етуі, инвестициялар жүргізуі, жаңа кәсіпорындар мен салаларды құруы тиіс.

 

«Экономикадағы мемлекеттің рөлін өзгерту» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • жекешелендіру бағдарламасының тиімділігін арттыруды;
  • жеке сектордың МЖӘ құралдарын пайдалануы үшін қолайлы жағдай жасауды;
  • функцияларды беруді және реттеуді оңтайландыруды іске асыруды көздейді.

Бизнестің бәсекелестігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттің экономикадағы коммерциялық қызмет қатысушысынан бастап жеке сектордың ішкі нарықтағы өсуі мен оның халықаралық нарықтарға одан әрі экспансиясы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге дейінгі рөлін қайта қарау қажет.

Ол үшін мемлекет мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындарды жекешелендіру, тиімсіз компанияларды жою, МЖӘ құралын кеңейту және рәсімдері мен тетіктерін оңайлату есебінен бәсекелес ортаны қалыптастыру мүмкін болатын экономика секторларынан шығуды жалғастырады.

Мемлекеттік бақылау мен қадағалау деңгейін, кедергілер санын азайту есебінен жеке бизнесті дамыту мүмкіндіктері кеңейтіледі. Реттеу шектеулері мен рәсімдердің барынша ықтимал саны дамыған елдердің деңгейіне сәйкес келтіріледі. Бәсекелес ортаға берілуі тиіс мемлекеттік органдардың функцияларына жыл сайын іріктеу жүргізіледі.

Қажетті есептілік пен құжаттаманы ұсыну бойынша талаптар 50%-ға қысқартылады және процестің электрондық форматқа ауыстырылуы қамтамасыз етіледі, ол ақпаратты жинауға және ұсынуға байланысты бизнес шығасыларын қысқартуға мүмкіндік береді.

 

«Жеке бизнестің өсуін ынталандыру» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды дамытуды;
  • тәуекелдерді төмендету мен қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етуді;
  • өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыруды іске асыруды көздейді.

Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және жақсарту негізгі назарда болады. Ол үшін «Атамекен» ҰКП қолданыстағы КҚКО базасында бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша толық форматты бірыңғай терезе құрылады, кәсіпкерлердің сервистік қолдау шараларымен қамтылуы кеңейтіледі, инфрақұрылымға қол жеткізу оңайлатылады және т.б.

Компаниялардың, бірінші кезекте орташа компаниялардың өсуін және олардың ірілендірілуін ынталандыру үшін орта және шағын бизнес кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер үшін тең салық жағдайларын құруға арналған салық жүйесін өзгерту жалғасады. Орта бизнес экономиканың негізін құрап, болашақта жаңа ұлттық чемпиондардың пайда болуын, Қазақстанның жаңа экспорттық тауашаларының қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс.

Аграрлық секторда өз бетінше жұмыспен айналысатын кооперативтерінің ұйымдастырылуы ынталандырылады. Бизнестің, әсіресе халықаралық өткізу нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігі басқаларынан бөлек, шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен айқындалады. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру үшін

ұлттық сапа стандарттары халықаралық стандарттармен үйлестіріледі, жоғары оқу орындарының негізінде сынақ базалары мен сертификаттау орталықтары дамиды, кәсіпорындар тәуелсіз аудит жүргізу арқылы өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасына өз бетінше тұрақты бақылау жүргізеді.

Жеке кәсіпорындардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтудегі міндетті шарты ең алдымен кәсіпорындардың өздерінің сауықтырылуы, олардың төлем қабілеті мен ашықтығының артуы, тиімсіз жұмыс жасайтын компаниялардың жойылуы болып табылады. Ол үшін банкроттықты қоса алғанда, заңды тұлғаларды жабу тетігінің оңайлатылуы, компаниялардың корпоративтік басқару деңгейінің, сондай-ақ жергілікті рейтингтік агенттіктерді дамыту есебінен олар туралы ақпарат айқындылығының артуы, кредиттік бюро жұмысының қамтылуы және жергілікті аудиторлық компаниялардың жауапкершілігі күшейтілуі тиіс. Сондай-ақ банктік емес қаржыландыру көздерін дамыту бойынша шаралар қабылданады.

Кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау есебінен бизнестің өсуі үшін жағдай жасау және жақсарту негізгі назарда болады. Ол үшін «Атамекен» ҰКП қолданыстағы КҚКО базасын да бизнеске қызмет көрсету және қолдау бойынша толық форматты бірыңғай терезе құрылады, кәсіпкерлердің сервистік қолдау шараларымен қамтылуы кеңейтіледі, инфрақұрылымға қол жеткізу оңайлатылады және т.б.

Компаниялардың, бірінші кезекте орташа компаниялардың өсуін және олардың ірілендірілуін ынталандыру үшін орта және шағын бизнес кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер үшін тең салық жағдайларын құруға арналған салық жүйесін өзгерту жалғасады. Орта бизнес экономиканың негізін құрап, болашақта жаңа ұлттық чемпиондардың пайда болуын, Қазақстанның жаңа экспорттық тауашаларының қалыптасуын қамтамасыз етуі тиіс. Аграрлық секторда өз бетінше жұмыспен айналысатын кооперативтердің ұйымдастырылуы ынталандырылады.

Бизнестің, әсіресе халықаралық өткізу нарықтарындағы бәсекеге қабілеттілігі басқаларынан бөлек, шығарылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен айқындалады. Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды ынталандыру үшін ұлттық сапа стандарттары халықаралық стандарттармен үйлестіріледі, жоғары оқу орындарының негізінде сынақ базалары мен сертификаттау орталықтары дамиды, кәсіпорындар тәуелсіз аудит жүргізу арқылы өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің сапасына өз бетінше тұрақты бақылау жүргізеді.

Жеке кәсіпорындардың қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтудегі міндетті шарты ең алдымен кәсіпорындардың өздерінің сауықтырылуы, олардың төлем қабілеті мен ашықтығының артуы, тиімсіз жұмыс жасайтын компаниялардың жойылуы болып табылады.

Ол үшін банкроттықты қоса алғанда, заңды тұлғаларды жабу тетігінің оңайлатылуы, компаниялардың корпоративтік басқару деңгейінің, сондай-ақ жергілікті рейтингтік агенттіктерді дамыту есебінен олар туралы ақпарат айқындылығының артуы, кредиттік бюро жұмысының қамтылуы және жергілікті аудиторлық компаниялардың жауапкершілігі күшейтілуі тиіс. Сондай-ақ банктік емес қаржыландыру көздерін дамыту бойынша шаралар қабылданады.
 


«Өнімділіктің өсуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды жою» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • бар салалардың операциялық тиімділігін арттыруды;
  • табиғи монополиялардың операциялық тиімділігін арттыруды;
  • көлік-логистикалық және сауда инфрақұрылымын дамытуды іске асыруды көздейді.

Технологиялық жаңғыртудан және цифрландырудан бөлек, кәсіпорындардың операциялық қызметінің тиімділігін арттыру өнімділіктің артуының маңызды факторы болып табылады. Ынталандырудың қаржылық емес тетіктеріне негізделе отырып, өңдеу өнер кәсібімен өнімділікті арттыруға және басқа да салаларға бағытталған шаралар құралы мен қолданыстағы бағдарламалардың қамтылуы кеңейтіледі. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы операциялық тиімділікті, өнімділікті арттыру және энергия тиімділігін жақсарту үшін бизнесті құралдар мен технологиялар туралы барынша белсенді хабарлау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізеді.

Энергетикалық саланы тиімді дамыту үшін тариф белгілеу тәсілдері жетілдіріледі. Энергия өндіруші ұйымдарда электр энергия саудасының орталықтандырылған моделіне кезең-кезеңмен көшу жүзеге асырылады және тариф белгілеу ашықтығының тетігі енгізіледі.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымның дамуы біріншіден, Қазақстан аумағында тауарларды тасымалдау құны мен уақытын азайтуға, екіншіден, халықаралық көлік дәліздеріне интеграциясын қамтамасыз етуге бағытталады. Сауда инфрақұрылымының дамуы делдалдар санының және тиісінше, тауарларды өткізу құнын азайтуға бағытталады.

Экономиканың жекелеген секторларында (негізінен, ауыл шаруашылығында) делдалдар санының көптігіне байланысты көтерме-тарату орталықтарын және электрондық сауданы дамыту үшін жағдай жасалады. Электрондық коммерцияны ілгерілетуді қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жарнама арқылы электрондық сауданы ілгерілету қамтамасыз етіледі.

 

«Экспортты ілгерілету және әртараптандыру» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • экспорттаушыларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын кеңейтуді;
  • экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамытуды іске асыруды көздейді.

Ішкі нарықтың сыйымдылығы төмен кезінде экономиканы әртараптандыруға бағдарлану өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер саласының экспортқа, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экспортқа бағдарлануын талап етеді.

Экспортты ілгерілету үшін экспортты қолдаудың бірыңғай терезесін құру, сыртқы нарықтарда тарифтік және тарифтік емес кедергілерді алып тастау, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының сыртқы нарықтардағы өкілдіктерін дамыту есебінен экспорттаушыларға қаржылық емес қолдау көрсету қажет.

Туризм, Ұлттық медициналық холдинг базасындағы медициналық туризм, шетел студенттері үшін гранттар беру және шет тілдерінде оқыту арқылы білім беру қызметтерін көрсету, АХҚО базасында ерекше құқықтық режим шарттарында көрсетілетін қаржылық және іскерлік қызметтер, транзит- көлік және ғарыштық қызметтер сияқты экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтердің дамуына басты назар аудару қажет. Ол үшін ақпараттық-жарнамалық кампанияны тұрақты өткізуді қамтамасыз ету, виза мен шекара рәсімдерін оңайлату қажет.

 
«Экспортты ілгерілету және әртараптандыру» басымдығы

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • экспорттаушыларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын кеңейтуді;
  • экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамытуды іске асыруды көздейді.

Ішкі нарықтың сыйымдылығы төмен кезінде экономиканы әртараптандыруға бағдарлану өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер саласының экспортқа, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экспортқа бағдарлануын талап етеді.

Экспортты ілгерілету үшін экспортты қолдаудың бірыңғай терезесін құру, сыртқы нарықтарда тарифтік және тарифтік емес кедергілерді алып тастау, «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясының сыртқы нарықтардағы өкілдіктерін дамыту есебінен экспорттаушыларға қаржылық емес қолдау көрсету қажет.

Туризм, Ұлттық медициналық холдинг базасындағы медициналық туризм, шетел студенттері үшін гранттар беру және шет тілдерінде оқыту арқылы білім беру қызметтерін көрсету, АХҚО базасында ерекше құқықтық режим шарттарында көрсетілетін қаржылық және іскерлік қызметтер, транзит-көлік және ғарыштық қызметтер сияқты экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтердің дамуына басты назар аудару қажет. Ол үшін ақпараттық-жарнамалық кампанияны тұрақты өткізуді қамтамасыз ету, виза мен шекара рәсімдерін оңайлату қажет.
 

 


4-реформа. Сыбайлас жемқорлықсыз

Құқықтық мемлекет

 

Реформа заңдардың сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдыңғы қатарлы алдын алу Тетіктерін белсенді пайдалану, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру есебінен қолайлы инвестициялық және іскерлік Ахуалды қалыптастыруға сбағытталған.

2025 жылға қарай қазақстан үшін қағидатты өзгерістер Дүниежүзілік экономикалық форум заңдардың сақталуы мен сыбайлас жемқорлықтың төмендеуін экономикалық өсуге неғұрлым көп ықпал ететін факторлар ретінде айқындайды.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне сәйкес Қазақстан дәл осы факторлар бойынша әлемнің 30 жетекші елінен көбірек артта қалуда. Соңғы жылдары Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Халықаралық ұйымдар заң үстемдігі индикаторлары мен сыбайлас жемқорлықты бақылаудың жақсарғанын атап өтуде.

Үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдірген қазақстандықтар саны 2015 жылғы 60%-дан 2016 жылы 73%-ға дейін артқан. Біздің отандастарымыздың жартысы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету жұмыстарына өзінің жеке үлесін қосуға дайын.

Аталған өзгерістер сот жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруге, заңнама тұрақтылығын арттыруға, азаматтардың құқықтық сауаттын тәрбиелеуге бағытталған. Басқару процестерін ауқымды оңтайландыру және цифрландыру, айқын рәсімдерді енгізу сыбайлас жемқорлық көріністерінің мүмкіндіктерін шектейді. Бұл өзгерістер азаматтарды және бизнесті сенімді құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.

 

«Заңнаманы жетілдіру және заңдарды сақтау үшін

Жағдайлар жасауды қамтамасыз ету» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • заңнаманың және құқық қолданудың сапасын, тұрақтылығын арттыруды;
  • адамның құқықтары мен бостандықтарын және мүліктік құқықтарын қорғау тетіктерін жақсартуды;
  • сот төрелігін және сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуді іске асыруды көздейді.

Ұлттық заңнаманың жоғары сапасы қолдау табады, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігі жақсартылады, сот жүйесінің тәуелсіздігі күшейтіледі, қоғамның мемлекеттік институттарға сенім білдіру деңгейі артады. Қазақстанда құқық қорғау жүйесі халықаралық стандарттарға барынша жақын болады.

Болжамды және сапасы жоғары заңнама ел ішіндегі өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасайды, Қазақстанды халықаралық бизнес үшін неғұрлым бәсекеге қабілетті және тартымды етеді. Осы мақсаттарға байланысты заңды біркелкі түсіндірмеу мүмкіндігін жою, олардың қайталануын болдырмау, заңдардың тұрақтылығын және заңнамадағы өзгерістер мен жаңалықтардың болжамдылығын қамтамасыз ету қажет. Бірінші кезектебұл халық пен бизнес үшін көбірек қолданылатын және маңызды заңдарға қатысты.

Заңнаманы, оның нормативтік деңгейлері мен құқықтық құрылымын одан әрі жаңғырту ұлттық заңнаманың, оның базалық салаларының даму басымдықтарын, ведомстволық норма шығармашылықтың рөлін, құқықтық реттеу тетігіндегі заңнамалық және заңға тәуелді актілер үлесінің оңтайлы арақатынасын айқындауға бағытталатын болады.

Мемлекеттің құқық шығармашылық рөлі ең алдымен азаматтық айналым субъектілеріне қызмет жасау үшін (әсіресе кәсіпкерлік), оның ішінде құқықтағы диспозитивтік қағидатын неғұрлым кеңінен пайдалана отырып көбірек еркіндік беруге бағдарланады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, ең алдымен меншік құқықтарын қорғау азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекетке сенім білдіруінің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін негізгі шарттардың бірі болып табылады.

Құқық үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жазалаудыңқайтарымсыздығы мен соттың тәуелсіздігі қағидаты сақталатын болады.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын күшейту» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары процестерді оңтайландыру және оңайлатуды іске асыруды көздейді;

Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету халық пен бизнестің тарапынан «заңсыз әрекеттерге сұранысты» төмендетіп, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, болғызбау, алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мүмкіндігі есебінен болуы тиіс. Ол үшін неғұрлым қажетті процестерді жеңілдеті, жекелеген лауазымдар деңгейінде өкілеттіктердің шамадан тыс шоғырлануына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары процестерді толық автоматтандыру және деректер қорын біріктіру есебінен айқындылықты елеулі түрде арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуге тиіс.

Сатып алуды, жауапкершілік пен бақылауды күшейтуді жүзеге асыру үшін бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерін сатып алуды реттеу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

«Тұрақты құқықтық мәдениетті қалыптастыру» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • қоғамда заңдардың сақталмауына және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыруды;
  • қоғамдық бақылауды танымал ету және мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруды іске асыруды көздейді.

Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейі, заңдардың бұзылуына төзбеушілігі – заңдардың сақталуын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықты төмендетудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Әдеттегі құбылыс ретінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті дамыту шараларына ерекше назар аударылатын болады.

Заңнаманы қолданудың мағынасы мен қағидаттарын түсіндіре отырып оңайлатылған форматтағы өзекті құқықтық құжаттарды қамтитын ашық ақпараттық құқықтық ресурсты құру жоспарлануда. Құқықтық мәдениет деңгейін арттыру үшін құқық қорғау органдарының қосымша аспектілерін енгізумен азаматтар үшін құқықтық тәрбиелеу және білім беру бағдарламаларын кеңейту, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары арасында ауызша жұмыс жүргізу қажет. Азаматтардың құқық бұзушылықтарды бақылау процестері мен күреске тарту «Азаматтық бақылау» және «Мемлекеттік қызмет этикасы» сияқты қоғамдық бақылау бағдарламаларын тарату және танымал ету есебінен артуға тиіс. Негізгі мемлекеттік институттарға сенім деңгейіне жүйелі тәуелсіз мониторингілеуді енгізу қажет. Мониторингілеудің нәтижелері озық тәжірибені көтермелеу және тарату үшін пайдаланылады.

 

5-реформа.

Мықты өңірлер және урбандалу

 

Реформа бүкіл ел бойынша өмір сүрудің базалық сапасын қамтамасыз ету кезінде жергілікті әлеуетті (экономикалық резервтерді) тиімді пайдаланумен қамтамасыз етілетін өңірлердің экономикалық өсуі есебінен еліміздің ЖІӨ арттыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірлерді дамытудағы теңсіздік сақталуда. Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) өндірісіндегі ең көп үлес Алматы қаласына – (20%-дан астам), ең азы – Солтүстік Қазақстан облысына (2%) келеді. Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ көрсеткішінің ең үлкен мәні (Атырау облысы) мен ең аз мәні (Оңтүстік-Қазақстан облысы) арасындағы айырмашылық 7 есе. Аймақтардың бірінші және екінші сегізіндегі экономиканың көлеміндегі айырмашылық 3,1 есеге артты.

Бюджетаралық қатынастар жүйесі, субвенцияларды тарату және алу жүйесі өңірлерді өзін-өзі ұйымдастыру мен ішкі ресурстарды (жасырын қорларды) дамыту, экспорттық әлеует пен салықтық базаны арттыру үшін жеткілікті түрде ынталандырылмайды.

Сонымен бірге, Қазақстан халықтың тығыздығы төмен (орта квадрат километрге шаққанда 6,6 адам) және урбандалудың орта деңгейімен (54%, Ресейде - 74%, Малайзияда - 77%) сипатталады, бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің және инфрақұрылым құрылысының құнын арттырады, сондай-ақ қызмет көрсету салаларының дамуын шектейді. Бұдан басқа,шағын ауылдардың үлесі (500 адамға дейін) елдегі ауылдық елді мекендердің шамамен 52%-н құрайды.

Бұл өзгеріс Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тұрғындардың базалық өмір сүру деңгейін қамтамасыз етудің және олардың тәуелсіздігін арттырудың арқасында экономиканың қарқынды дамуына бағытталған. Урбандалу процесі барынша біркелкі болмақ. Тек агломерация ғана емес, сондай-ақ орташа қалалар да өзгеріс локомотивтері болмақ. Нәтижесінде өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтық пен теңгерімсіздік қысқарады.

 

«Өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • өңірлердің экономикалық дербестігін қамтамасыз ету;
  • өңіраралық бәсекелестік пен кооперацияны дамытуды іске асыруды көздейді.

Қазақстанның жеделдетілген дамуы өңіраралық бәсекелестік пен кооперациямен ынталандырылған әр өңірдің әлеуетін ашу есебінен болады. Ол үшін өңірлердің экономикалық дербестігі мен жауапкершілігі орындарда әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру өкілеттіктерді беру және бизнесті қолдау шараларын таңдау, инвестициялар тарту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және инфрақұрылымды дамыту,орындарда кадрлық ресурстарды басқару есебінен арттырылады.

Бұл ретте тиісті мәслихаттарға, халыққа, бизнеске және сарапшылар қауымдастығына тұрақты есеп берудің толықтығын, ашықтығын, қолжетімділігі мен дұрыстығын арттыру есебінен жергілікті биліктің есеп беруге міндеттілігі қамтамасыз етіледі.

Халық саны 2 мың адамнан артық облыстық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттер мен ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджеті және коммуналдық меншікке енгізіледі. 2020 жылдан бастап бұл нормалар барлық елді мекендерде ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, облыстық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органын құру мәселесі пысықталады, бұлжергілікті қауымдастыққа бюджетті бекітуге қатысуға мүмкіндік береді. Өңірлер арасындағы бизнес жүргізудің жеңілдігі мен республикалық бюджеттен инвестициялық қаржыны алу үшін жарыстығы жөніндегі рейтингісі негізіндегі бәсекелестікөңірлерді дамыту үшін маңызды ынталандыру болмақ.

Бұл ретте бәсекелестік аймақтардың оқшаулануына себеп болмай, керісінше, ресурстар мүмкіндігі мен оңтайландыруды іздестіру және Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен қала-хабтарында экономикалық белсенді орталықтары бар бірыңғай экономикалық нарық құру жөніндегі өңіраралық кооперацияны күшейту үшін себеп болуы қамтамасыз етіледі.

 

«Урбандалу және байланысты қамтамасыз ету» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • шағын және орта қалалардың басымдығымен реттелетін урбандалуды;
  • экономикалық өсу орталықтары арасында көліктік байланысты қамтамасыз етуді іске асыруды көздейді.


Урбандалу мен қалалық ортаны дамыту деңгейі елдің даму деңгейін көрсетеді және елдің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызды фактор болып табылады.

Осылайша, ірі агломерацияларды дамытуға баса назар аудара отырып, одан әрі даму орта және шағын қалалардың өсуіне, «SmartCity» тұжырымына негізделген қалалық ортаны басқарудың жоғары технологиялық шешімдерін енгізу және қалаларға қоныстанатын адамдардың жан-жақты дамуына бағытталатын болады.

Ірі қалаларға жаппай қоныстануды болдырмау үшін сәулелік қағида бойынша көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытудың, сондай-ақ көліктік компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшартқа өту, қауіпсіз және үздіксіз көліктік байланысты қамтамасыз ету есебінен көрсетілетін көлік қызметтеріне қолжетімділікті арттыру есебінен ауылдық және орта қалалар арасындағы және қала арасындағы байланысты арттыру үшін жағдай жасалады.
 

«Барлық өңірлерде өмір сүрудің базалық деңгейін қамтамасыз ету» басымдығы

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

Базалық әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді және өмір жағдайын қамтамасыз етуді;

Экологиялық ахуалды жақсартуды іске асыруды көздейді.

Кез келген өңірдің тартымдылығы, тұрғындардың әл-ауқатының деңгейі, оны одан әрі дамыту перспективалары халықтың өмір сүру сапасымен айқындалады. Өмір сүру сапасын жақсарту және әрбір аймақта неғұрлым тең жағдай жасау мақсатында базалық әлеуметтік қызметтер, оның ішінде сапалы, қолжетімді білім және денсаулық сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауыз су қолжетімділігін, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын арттыру (су, ауа және т.б.) қамтамасыз етіледі.

Әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыру үшін ресурстарды тиімді пайдалануы үшін көршілес және бірнеше өңірлердің қажеті негізінде жоғары сапалы ресуртарын орналастыру және қамтамасыз етуді жоспарлау жүйесі жетілдіріледі, сондай-ақ қашықтан қол жеткізу үшін телемедицина, онлайн білім беру сияқты технологиялар енгізіледі. Сондай-ақ, қолдау тірек мектептерін (ресурстық орталықтар) құру және жақын елді мекендерде тұратын оқушыларға мектеп көлігін ұсыну бойынша жұмыстар жалғасады.

Экологиялық жағдайды жақсарту халықаралық тәжірибе негізінде экологиялық заңнаманы және стандарттарды қайта қарауды талап етеді.

Эыдұ елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып «құрғақ» және «ылғалды» қағидаты бойынша қатты қалдықтарды жинауды және басқа түрлерін қамтитын тққ кәдеге жаратуға баса назар аударылады.

Қоршаған ортаға зиян келтірудің дәлелденген фактісі негізінде «ластаушы төлейді» принципі енгізіледі. Қоршаған ортаны ластайтын кəсіпорындарды әміршіл-әкімшіл реттеудіңорнына айыппұлдар мен өсімпұлдарға негізделген экологиялық рұқсаттарға ынталандыру жүйесі, сондай-ақ қоршаған ортаға әсер етуді бағалау процесі енгізілетін болады.

 

6-реформа

Қоғамдық сананы жаңғырту

 

Қоғамдық сананы жаңғырту» реформасы күшті және жауапты адамдардың бірыңғай ұлтын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі нәтижесі тұрғындардың өз болашағына деген жауаптылығының, жеке бәскелестікке қабілеттілігі мен прагматизмінің артуы, сондай-ақ экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу болып табылады. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі қағидаттары Мемлекет басшысы - Ұлт көшбасшысының «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, бағдарламалық мақалалары шеңберінде көзделіп, қол жеткізіледі. Үкімет бұл бастамаға қатысады және осы бағытта өзінің іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Қоғамдық институттарды реформалауда айтарлықтай ілгерілеушілікке қарамастан, халықтың бастамашылық деңгейінің төмендігі мәселесі тұр. Әлемде және біздің өңірде экстремизм идеологиясының таралу қаупі артып келеді. Қоғамда экстремистік идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыру – одан арғы жұмыстың маңызды бағыты. 

Әлеуметтік пікіртерім деректері бойынша халықтың 30% -ы ел дамуына белсенді қатысуға дайын, жастар арасында бұл көрсеткіш 60% құрайды. Осылайша, алдағы жылдары жастарға ерекше назар аудара отырып, халықты елдің қайта өзгеру процесіне тартуды арттыру қажет.

Бұл реформа күшті және елінен адал бір ұлттың қалыптасуына бағытталған. Өзгерістердің бағыттары: өз болашағы мен Қазақстан болашағына жауапкершілікті тәрбиелеу, жеке бәсекелестікті арттыру, азаматтардың прагматизмін және тапқырлығын тарату. Ұлттық мәдениетті дамытуға және экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөлінген.

 

«Өмірге арналған прагматикалық тәсілдемені тәрбиелеу» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

«жауапты азаматтың» имиджін танымал етуді;

салауатты өмір салтын насихаттауды орындауды білдіреді.

Прагматизм өзіңнің ұлттық және жеке ресурстарыңды түсіну, оларды ұтымды қолдану, өз болашағыңды жоспарлай білу дегенді білдіреді. Табысты халық - бұл прагматикалық ұлт. Ұлттық мәдениет элементі ретінде Прагматизм – өзіңнің және өз еліңнің табысқа жетуіне жауапкершілікте бола білу, кәсіби өсуге және салауатты өмір салтына бағдарлану. «Жауапты азамат» қағидаттарын танымал ету Қазақстан азаматтарының бизнес, спорт, мемлекеттік қызмет, ғылым және басқа да салалардағы нақты «табыс оқиғасында» ілгерілетілетін болады.

Азаматтардың «меншік иесі» мәдениетін дамыту азаматтардың ортаны (көшелерді реконструкциялау және абаттандыру, үйлердің жөндеу, велосипед жолдарын ашу және т.б.) жақсарту жөніндегі ұсыныстарын жинау және маңызды мәселелерді шешу үшін әлеуметтік бастамалар картасын жасауға қатысу есебінен болады, ол азаматтарды елді мекендердің әлеуметтік өміріне тартуды қамтамасыз етеді.

Азаматтық қоғамның мемлекетті басқаруға қатысу жүйесін жетілдіру мақсатында әлеуметтік бастамаларды іске асыру, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, ҮЕҰ қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау енгізу, және қоғамдық кеңестердің қызметін, қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіру және т.б. іске асыру кезінде ҮЕҰ-ның мемлекетпен және бизнеспен ынтымақтастығын қамтамасыз ету үшін тұрақты құқықтық база құрылады.

Салауатты өмір салтын танымал ету жөніндегі жұмыстар қамтудың жаңа деңгейіне шығады. Ол үшін спорттық-сауықтыру кешендерінің қолжетімділігі арттырылады және мәдени-бұқаралық спорттық іс-шаралары көптеп өткізіледі; балалар мен жасөспірімдердің физикалық дайындығы үшін дене шынықтыру даярлығы клубтарының кең желісі дамытылады, халықтың дене шынықтыру-спорттық тәрбиелеу жүйесі құрылады.

 

«Ұлттық бірлікті қорғау» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

Бәсекеге қабілетті қол жетімді мәдени ортаны қалыптастыру, шығармашылықты қолдауды;

Отбасылық құндылықтарды сақтау және гендерлік кемсітушілікке жол бермеуді;

Экстремизмнің таралуына жол бермеуді іскес асыруды көздейді.

Жаңғыртуды жүргізу кезінде ұлттық салт-дәстүрді, тіл мен музыканы, әдебиеті сақтау маңызды. Бұл ретте бір ұлтты өңірге бөлу сияқты жаһандық әлемге тән емес, көнерген бірқатар ерекшеліктер өткен өмірдің еншісінде қалуға тиіс. Қазақстанда әркім жеке үлесі бойынша және жеке кәсіби сапасы бойынша бағаланатын меритократиялық қоғам құрылуы тиіс.

Ұлттық мәдениетті дамытуды жалғастыру қажет, ол әлемдік мәдениеттің бір бөлігі болуы тиіс. Ол үшін мәдениет саласындағы дарынды және перспективті қайраткерлерді ынталандыру және көтоермелеу, демалу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке, өнерге, тарих пен қасиетті жерлерге деген қызығушылықты арттыру, үш тілдік бағдарламаны және қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша үздік білім беру кітаптарын қазақ тіліне аудару есебінен әлемнің үздік біліміне қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

Әлемдік қоғамдастыққа кірігу тұрғысында қазақстанның гендерлік саясаты ерлер мен әйелдердің қоғамның барлық салаларында тең құқықтарына, артықшылықтары, міндеттемелері мен мүмкіндіктеріне қол жеткізуге, сондай-ақ гендерлік кемсітушіліктің барлық нысандары мен көріністерін еңсеруге бағдарланады. Ол үшін еңбек жағдайларын жақсартуды көздейтін заңнама, жұмыспен қамтудың икемдi нысандары және т.б. жетілдірілетін болады, мемлекеттік және бюджеттеуді жоспарлау жүйесіне гендерлік әсерді бағалау енгізілді, гендерлiк статистика реттеледі. Ерлер мен әйелдердiң кәсiпкерлiк қызмет үшін қажетті барлық ресуртарға тең қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. Отбасын нығайту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жалғыз басты ата-аналарды қолдау, әке болу институтын нығайту мәселелері мемлекеттік отбасылық саясаттың негізі болады.

Қазақстан қазірдің өзінде экономикалық, саяси және мәдени байланысты әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі болды. Алайда, ең озық халықаралық білім мен тәжірибені қабылдай отырып, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және деструктивті ағымдардың идеологиясын таратуға және экстремизмнің таралуына жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын қабылдау қажет. Ол үшін экстремизмнің профилактикасы бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру, оның таралуын болдырмау бойынша нақты профилактикалық жұмыстар, радикалды идеологияның ізбасарлары үшін орталықтар мен оңалту бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру, сондай-ақ дін өкілдерінің экстремизмді болдырмау жөніндегі жұмыстарға қатысуын күшейту қажет.

 

7-реформа

Мемлекеттік сектор өзгерістердің көшбасшысы ретінде

 

Реформа өзінің үлгісінде өзгерістердің жүзеге асырылуын көрсететін, елдегі өзгерістердің бастамашысы және көшбасшысы ретінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік сектордың қызмет өнімділігін, технологиялылығын, бейімділігін, клиентке бағдарлануын және ұйымдастыру мәдениетін арттыру ЭЫДҰ табысты мемлекеттері мен жетекші жеке кооперациялардың озық басқарушылық тәжірибелерін қолданудың арқасында мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын арттыруды қамтамасыз етеді. Өзгерістерді жүзеге асыруда жұртшылықты бағдарламалар мен саясатты әзірлеуге, олардың орындалуын бақылауға және т.б. тарту арқылы «назар аударатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың рөлі ерекше болмақ.

Әлемдегі көптеген табысты өзгерістер мемлекеттік органдарды өзгертуден басталған. Мысалы, Сингапур елдегі басқарушылар мен менеджерлердің сапасын жақсартудағы жетістікке мемлекеттік қызметкерлерді ең жаңа тәжірибелерге үйрету арқылы қол жеткізді, ал Эстония цифрландыруды мемлекеттік аппаратты компьютерлендіру мен мемлекеттік қызметтерді цифрландырудан бастады.

 

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар бүкіл елдегі өзгерістердің қозғаушысы болуы үшін олардың өздеріне барынша технологиялық дамыған, тиімді, бейімделген және клиентке бағдарланған болуы қажет.

 

«Мемлекеттік органдардың қызметін цифрландыру» басымдығы

 

Берілген басымдық келесі міндеттердің орындалуын қарастырады:

мемлекеттік органдардың ішкі процестерін цифрландыру және реинжирингілеу;

ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлер ішкі және ведомствоаралық процестерді реинженерлеу және цифрландыру есебінен өздерінің тиімділігі мен өнімділігін арттыру үлгісін көрсетіп, елдегі барлық кәсіпорындар мен азаматтар үшін «пионер» болуға тиіс.

Мемлекеттік органдарды цифрландыру ақпараттық жүйелерді дамытуды, процестерді интеграциялауға арналған платформалар (мысалы, ұлттық геоақпараттық жүйе) құруды және инфрақұрылымды (мысалы, бұлттық құжат айналымы) дамытуды қамтуға тиіс.

Осымен қатар артық келісулерді және т.б. жою есебінен қайталауды жою және процестерді оңайлату үшін процестерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс.

Цифрландыру және мемлекеттік секторға жаңа технологияларды енгізу техникалық және технологиялық шаралары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерді ақпараттық қауіпсіздік шараларына үйрету есебінен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен сүйемелденуі тиіс.

 

«Нәтижеге және азаматтардың мүдделеріне бағдарлануды арттыру» басымдығы

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • нәтижеге бағдарлану тәсілдерін жүйелендіруді;
  • жұмыстағы адаптивті тәсілді дамытуды;
  • клиентке бағдарланудың негізінде сапаны арттыруды іске асыруды көздейді.

Нәтижелілік, бейімділік және клиентке бағдарлану ЭЫДҰ алдыңғы қатарлы мемлекеттер мен табысты жеке компанияларға тән сапа болып табылады. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар деңгейінде осындай сапаларды дамыту оларға халыққа қызмет көрсету, сондай-ақ ішкі өзара іс-қимыл жасасу кезіндегі жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Осылайша, мемлекеттік қызметкерлерді материалдық ынталандыру жүйесі негізінде нәтижелерге қол жеткізуі бойынша ынталандыру жүйесіне көшу жұмыстары жалғастырылуы тиіс. Мемлекеттік органдардың қызмет нәтижесін объективті бағалауға статистикалық деректердің жоғарғы сапасы есебінен қол жеткізіледі. Деректерді жинау жүйесі жетілдіріледі және деректердің қажетті толықтығы қамтамасыз етіледі.

Халық пен бизнес мемлекеттік органдардың негізгі «клиенттері» болып табылады. Мемлекеттік аппараттың жұмысы дәл солардың мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Клиентке бағдарлануды арттыру көрсетілетін қызметтер мен атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты кері байланыс алу, ақпаратттың нысан жағынан және мазмұны жағынан да қолжетімділігін арттыру және әріптестікке бағдарлана отырып, бизнес пен азаматтардың шешімдері мен маңызды мемлекеттік құжаттарды дайындауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту есебінен жүргізілетін болады.

 

«Мемлекеттік сектордағы сананы жаңғырту» басымдығы

 

Бұл басымдық мынадай міндеттерді:

  • басшыларды бағыныстылардың уәждемесінің және жұмыс тиімділігінің деңгейін өзгертуге тартуды;
  • ұйымдастыру мәдениетін дамыту және мемлекеттік қызметтің беделін арттыруды іскеасыруды көздейді.

Мемлекеттік қызметшілер Қазақстанның тұрғындары үшін прагматикалықтың, тиімділік пен кәсібиліктің үлгісі болуға тиіс. Ол үшін мемлекеттік қызметшілердің құндылықтар жүйесін, уәждемесі мен жұмысқа деген көзқарасын нығайту қажет.

Бұл жерде басты әріптестермен араласу нысаны, жаңа шешімдермен эксперимент жасау, жұмыстың барынша белсенділігі және дербестігі сияқты салалардағы стандарттарды белгілейтін мемлекеттік органдар басшыларының рөлі басым болуға тиіс. Ол үшін басшылар бағынысындағылармен жұмыс істеудің неғұрлым заманауи тәсілдері туралы қажетті ақпаратпен, оқыту материалдарымен, тәжірибелік семинарлармен және тәжірибемен алмасу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Ұйымдастыру мәдениетін дамыту үшін ұйымаралық ынтымақтастық пен әріптестіктікке, нәтиже сапасына, бастамашылдыққа және сервистілікке бағытталған мемлекеттік қызметшілер үшін құндылықтар жүйесі қалыптастырылады және таратылады.

Мемлекеттік қызметшілерді дамыту үшін және білікті кадрларды тарту үшін мемлекеттік қызметшілерге нәтижеге бағдарланған еңбек ақы төлеу және сыйақы беру жүйесін жетілдіру, тұрақты кәсіби дамуды, озық білім мен технологияларға қолжетімділікті қамтамасыз ету, құзыретті басшылардан үйрену мүмкіндігі, неғұрлым дарынды қызметшілерді қолдау мен жоғарылату есебінен мемлекеттік қызметтің беделі арттырылады.

 

8 «Қазақстан-2050» бағытының бірізділігі». Жүйелі реформалардың табыстылығы үшін басымды саясаттар

Жүйелі реформалармен қатар «Қазақстан – 2050» стратегиясына сәйкес жеті басымды саясаты іске асыру бағыты жалғасады. Басымды саясаттар реформалардың табысы үшін қолайлы жағдай туғызады, қарқынды өзгеретін жағдайда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

1

Макроэкономикалық саясат макроэкономикалық және құрылымдық саясатты үйлестіруге, ақша-несие саясатының рөлін арттыруға, бюджеттің тұрақтылығына және мұнай емес тапшылықты төмендетуге, сонымен қатар мемлекеттік қарыздың деңгейін қауіпсіз деңгейде ұстауға бағытталады.

 

2

Экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігі. Саясат базалық салалардың әлемдік нарықтардағы ұстанымын нығайтуға, ары қарай индустрияландыруға және жаңа тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға, жаңа индустрияларды қалыптастыруға және қызмет саласын дамытуға бағытталады

3

Қаржылық секторды дамыту саясаты банк секторының қаржылық тұрақтылығы, қор нарығы мен баламалы қаржыландыру көздерін дамытудан тұратын қаржыландырудың тиімді тізбегін қалыптастыруға бағдарланады. АХҚО-ны дамыту мен халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

4

Инвестицияларды белсенді тарту бойынша саясат реттеуді және инвесторлармен өзара іс-қимылды жаңғырту, инвесторлардың құқығын қорғауды нығайту есебінен инвестициялық ахуалды жақсарту, отандық және шетел инвестицияларын белсенді тартуға, сонымен қатар инвестицияларды тартуға қажетті инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталады.

5

 

Жоғары өмір сүру сапасын қамтамасыз ету саясаты әлеуметтік қамтамасыз етудің атаулылығын және инклюзивтілігін арттыруға, қолжетімді және сапалы денсаулық сақұтауды дамытуға, тұрғын үй мен тұрғын үй инфрақұрылымының қолжетімділігі мен жайлылығын арттыруға бағытталады.

6

Жасыл экономика мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін тұрақтылықты қамтамасыз етуге, жасыл инвестицияларды ынталандыру және тартуға, экономиканы декарбонизациялауға, және баламалы энергия көздерін дамытуға, Қазақстанның су және жер ресурстарының сапасын жақсартуға, аз қалдықты экономиканы дамытуға және биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталады.

 

9.  «Енгізу – табыстың негізі». Сәтті іске асырудың қағидасы

2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын әрі қарай іске асыру еліміздің Ау-

мақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы және екінші және үшінші деңгейдегі стратегиялық құжаттар - мемлекеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтық даму бағдарламалары, ұлттық холдингтердің даму стратегиясы арқылы жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты қазіргі стратегиялық және саяси құжаттар 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарға сәйкестендірілетін болады.

Стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен қатар, 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру 2017 жылдың басында мемлекеттік органдарға енгізіле бастаған жобалық басқару құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үкіметтің барлық басқару деңгейлерінің жүйелі реформаларды жүргізуге назар аударуына, іске асыру нәтижелеріне жауапкершілікті, сондай-ақ процестің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Стратегиялық жоспарды табысты іске асыру үшін барлық тартылған тараптардың: мемлекеттік органдардың, бизнес пен азаматтық қоғамның келісілген әрекеттері қажет. Ол үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атынан бизнес, Қазақстанның Азаматтық Альянс кеңесі атынан азаматтық қоғам және үкімет арасында Бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

 

10.  Барлығы үшін артықшылықтар мен тиімділіктер. Инклюзивті экономикалық өсу

2025 Стратегиялық жоспары инклюзивті экономикалық өсу идеясын жүзеге асырады.

Дүниежүзілік банк инклюзивтік өсуді экономиканың барлық секторларында кеңінен таралған, еңбек ресурстарының айтарлықтай бөлігін тартатын және нарық пен ресурстарға қолжетімділіктегі тең мүмкіндіктермен сипатталатын жоғары және тұрақты өсу (Ұлт байлығының өсуінің маңызды шарты) ретінде айқындайды.

Біз үшін инклюзивтік өсу - 2025 жоспары бағдарланған сапалы индикаторлардың арқасындағы іс-әрекеттердің практикалық бағдарламасы.

Өмірдің жақсарғанын Қазақстанның барлық өңірлері, барлық әлеуметтік топтар, азаматтардың басым көпшілігі сезінуі тиіс. Ұлттық бизнес жеке секторға үшін ашылған жаңа мүмкіндіктердің арқасында сапалы серпін жасай алады.

Инклюзивті өсу – бұл экономикалық әділеттіліктің қағидаты. Мұндай тәсіл ұлттық экономиканың жоғары өсу қарқынын - адам капиталын дамытуға және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін мүмкіндік береді.

2025 стратегиялық жоспары Үкіметтің таяудағы 8 жыл ішінде жұмыс істейтін елеулі және нақты айқындалған пайдасын/тиімділігін көрсетеді.

 

Күтілетін пайдалар мен әсерлер:

 

Үшінші модернизация басталды – ел үшін болашақтың көпірі және Қазақстанның әрбір азаматы үшін жеке табыстарға жету мүмкіндігі.

Жүріп жатқан және болашақтағы реформалардың иесі және басты пайда табушы - қазақстандықтардың жас ұрпағы. 2025 стратегиялық жоспар көптеген әлеуметтік лифтерді іске қосуда, білім алуға, жұмыс істеуге және дарындарды ашу үшін бірегей мүмкіндіктер жасалады.

Адами капиталдың жедел дамуына Үшінші жаңғыру мен 2025 стратегиялық жоспарда басты назар аударылған. Демек, жастардың реформаларға белсенді қатысуы сұранысқа ие. Қазақстанның ұлттық жетістігі жас таланттарды жұмылдыруға, жас қазақстандықтардың ашықтығы, алғырлығына және азаматтық кемелденуіне негізделетін болады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу