Атамқұлов Бейбіт Бәкірұлы

1964 жылы 19 мамырда дүниеге келген.

1986 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша аяқтады. 

2000 жылы Санкт-Петербор экономика және қаржы мемлекеттік университетін тәмамдады, экономика ғылымдарының кандидаты.

Өзінің еңбек жолын 1985 жылы А. П. Завенягин атындағы Норильск тау-кен металлургия комбинатының Жез балқыту зауытында балқытушы мамандығынан бастады.

1986-1991 жылдар аралығында – Шымкент қорғасын зауытының балқытушысы, ауысым шебері, аға шебері, бас инженері, бөлім бастығының орынбасары.  

1991-1995 жж. – ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің жүйесінде қызмет атқарды; «Казметаллэкспорт» республикалық сыртқы экономикалық кәсіпорынның «Черметэкспорт» бас маманы, директоры; «Қазақстан Сауда» сыртқы сауда компаниясының бас директорының бірінші орынбасары.

1995-1996 жж. – «Қарағанды металлургиялық комбинаты» МАҚ бас директорының бірінші орынбасары (Теміртау қ.).

1996-2006 жж. – кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

2006 -2007 жж. – РФ-ғы ҚР Елшілігінің Кеңесшісі, Кеңесші-уәкілі (Мәскеу қ.).

2007-2008 жж. – ИИР-да ҚР Елшілігінің Кеңесші-уәкілі (Тегеран қ.).

2008-2010 жж. – Майндағы Франкфурт қаласындағы ҚР Бас консулы (Германия).

2010-2012 жж. – Малайзия, қосымша Филиппин Республикасы, Индонезия Республикасы, Бруней-Даруссалам сұлтандығында ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2012 ж. қарашадан бастап – ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жауапты хатшысы.

2014 ж. тамыз - 2015 ж. тамыз – ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Жауапты хатшысы.

2015 ж. тамыз - 2016 ж. қазан – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.

2016 жылдың қазан айынан бастап – ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген.

Тұлғаға қатысты материалдар