Біртанов Елжан Амантайұлы

Е. Біртанов 1971 жылдың 18 қазанында Жамбыл қаласында дүниеге келген. 

Алматы мемлекеттік медициналық институтын, Аризона штатының университетін, Ресей медициналық дипломнан кейінгі білім академиясын, Шарите университеттік клиникасын (Германия), Тұран университетін, Duke University, Fuqua School of Business (АҚШ), Global Executive MBA магистратурасын тәмамдаған.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі. Медицина ғылымдарының докторы.

Алматы қаласындағы жедел медициналық көмек көрсету емханасының дәрігер-реаниматологы, Республикалық токсикология орталығының жетекшісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас токсикологі,  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтау саласын дамыту институты» РММ директоры, ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысының орынбасары, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ, «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2014 жылғы мамыр айынан бастап - Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын сүйемелдеу орталығының басқарма басшысы.

2015 жылғы 12 қарашадан бастап - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі.

2017 жылғы 25 қаңтардан бастап - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі.

Тұлғаға қатысты материалдар