Премьер-Министрдің орынбасары

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова

Тамара Дүйсенова 1965 жылы ҚазКСР Шымкент облысында дүниеге келген.

1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1988 жылы Шымкент облысы Сарыағаш қаласы Ильич атындағы орта мектебінің мұғалімі болып бастады.

1988-1992 жылдары — Өзбек КСР Мемжоспар жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисті.

1992-1993 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисті.

1993-1994 жылдары — «Перизат-Холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш қаласы.

1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық әкімшілігі басшысының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

1994-1997 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары.

1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

1997-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1999-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып жұмыс істеді.

2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2008-2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы.

2013 жылғы ақпан-маусым аралығында — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

2013-2014 жылдары — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі.

2017-2018 жылдары — Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қызмет етті.

2018-2019 жылдары — «Нұр Отан» партиясының хатшысы.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті.

2019-2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі.

2020-2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі.

2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 8 маусымнан бастап — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:

  • білім мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту және саясат;

  • жұмыспен қамту, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, жастар және отбасы саясаты, сондай-ақ конфессияаралық және этносаралық келісім мәселелері;

  • мәдениет пен спорт, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясатын дамыту;

  • «Ауыл аманаты» бағдарламасы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу