Көлік министрі

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев

1987 жылы дүниеге келген. 

Ташкент автомобиль-жол институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің тағылымдамадан өтушісі, сарапшысы болып бастады.

2011-2013 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялар және энергия үнемдеу департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.

2013 жылы — ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Транзит және көлік логистикаcы департаменті Транзит саясаты басқармасының басшысы. 

2013-2014 жылдары — ОҚО әкімдігі жанындағы «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС басқарма төрағасының кеңесшісі.

2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы. 

2018-2020 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту департаментінің директоры, 2019 жылғы маусымда Департамент функциялары Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен берілді.

2020-2021 жылдары — ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

2021-2023 жылдары — ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі.

ҚР Президентінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы Жарлығымен ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 сәуірде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып қайта тағайындалды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР көлік министрі болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының көлік министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу