Бекетаев Марат Бақытжанұлы

1977 жылы 29 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген.

2001-2002 ж. - «ҚР СІМ дипломатиялық өкілдіктерімен жұмыс жөніндегі департамент» РМК ұйымдастырушылық-хаттамалық бөлімінің ақпарат өңдеу секторының меңгерушісі.

2002-2003 ж. - Алматы қаласындағы «Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма» ЖАҚ ұйымдастырушылық-талдамалық бөлімінің бастығы.

2003 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Мемлекеттік қызметті құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету департаменті басқармасының, бөлімінің бастығы.

2004 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Ақпарат және тестілеу орталығы» МБ директорының орынбасары.

2004-2006 ж. - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызметшілерді оқыту еуразиялық орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры.

2006-2007 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі.

2007 жылы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2007-2010 ж. - Қазақстан Республикасының әділет вице-министрі.

2010-2015 ж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

2015-2016 ж. - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Әділет министрі болып тағайындалды.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2011).

Тұлғаға қатысты материалдар