Асқар Ұзақбайұлы Мамин

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туған. Целиноград инженер құрылысы институтын, Г. Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушылықтан бастады.

1996–2008 жж. аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

2008 жылғы сәуірден «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті.

1998 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 2006 ж. «Құрмет» орденімен, 2011 ж. екінші деңгейлі «Барыс» орденімен, 2010 ж. орыс православиелік шіркеуінің Әулие князь Мәскеулік Даниилдің 3-деңгейлі орденімен, 2013 ж. Француз Республикасының Құрметті Легионы және Латвия Республикасының «Таным кресті» екінші деңгейлі орденімен, 2014 ж. Испания Корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші деңгейлі.

2012 ж. – Құрметті теміржолшы, 2013 ж. – Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

Тұлғаға қатысты материалдар