Әділбек Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы болып тағайындалды

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Күнесханұлы Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Әділбек Қабаев 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «Арай-Заря» журналында, «Лениншіл жас», «Жас Алаш», «Айқын» газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеген.

2009-2012 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының м. а., басшысы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары — ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің басшысының орынбасары, басшысы.

2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу