Данияр Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Данияр Еренғалиұлы Жаналинов ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Данияр Жаналинов 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі — инженер-экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Талдықорған қаласы бойынша Салық комитетінің заңды тұлғалар салық аудиті секторының салық инспекторы қызметінен бастады.

2002-2008 жж. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2008-2010 жж. – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары.

2010-2014 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің құрылымында басшылық қызметтер жасады.

2014-2018 жж. – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2018 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу