Серікқали Брекешев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Серікқали Аманғалиұлы Брекешев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды. 

Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-ші разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды.

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді — Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары.

Үкімет Қаулысымен Жаркешов Санжар Серікбайұлы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінен босатылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу