«Бейнеу – Шалқар» автомобиль жолын 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына енгізу туралы депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Д. Әділбеков, С. Алдашев, Ғ. Дүйсембаев, Б. Қаниев, Ә. Құртаев, С. Лұқпанов, Е. Мамытбеков, Ж. Нұрғалиев, Л. Рысбекова, Б. Шелпеков, Е. Сұлтановтың 2020 жылғы 9 қазандағы №16-13-228 депутаттық сауалына жауап.

Премьер-Министр — Асқар Мамин

 

Сіздердің «Бейнеу – Шалқар» автомобиль жолын 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) енгізу туралы депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. 

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес «Орталық – Батыс» дәлізіне кіретін, ұзындығы 1273 км «Нұр-Сұлтан – Арқалық – Торғай – Ырғыз – Шалқар – Қандыағаш» автомобиль жолын реконструкциялау көзделген және оны қаржыландыру халықаралық қаржы институттарының есебінен болжанады. 

Жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген, жобалаусметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталуда. 

Бұған қоса, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес 24 мың км республикалық автожолды реконструкциялау және жол сервисімен қамтамасыз ету көзделген. 

Осыған байланысты ағымдағы экономикалық жағдайды ескере отырып, Мемлекеттік бағдарламада көзделген Шалқар қаласынан Бейнеу ауылына дейінгі автомобиль жолы құрылысының жобасын іске асыру бұрын басталған автожол жобаларын салу және қолданыстағы техникалық жағдайы нашар жолдарды реконструкциялау аяқталғаннан кейін қаралатын болады. 

Жалпы аталған мәселелер Үкіметтің тұрақты бақылауында тұр. 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу