ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысын тексерді

фото: Шүкір Шахай

Өскемендегі Онкология және хирургия орталығын аралау. Премьер-Министрге клиниканы техникалық жабдықтау, сондай-ақ жаңғыртуды жүргізу туралы баяндалды (Шығыс Қазақстан облысы)

Шығыс Қазақстан Онкология және хирургия орталығында қатерлі ісік диганостикасы, оны емдеу және тиімді оңалтудың әлемдегі ең үздік тәсілдері қолданылады

Роботтандырылған хирургия орталығында жыл сайын 23 мыңға дейін емделушіге қызмет көрсетіледі. Орталық іске қосылғаннан бері 2173 ота жасалған (Шығыс Қазақстан облысы)

Өскемендегі Ситуациялық орталық 2019 ж. шілдеде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында тәжірибелік пайдалануға берілді (Шығыс Қазақстан облысы)

«Қалбатау –Майқапшағай» реконструкциядағы учаскенің жалпы ұзындығы 415 шақырым. Жаңа жол жолға шығындалатын уақытты екі есеге қысқартып, өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді

«KAZ Minerals Aktogay» ЖШС аралау кезінде Үкімет басшысы кәсіпорынның өндірістік инфрақұрылымын көрді (Шығыс Қазақстан облысы)

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақтоғай кен орнынан кен өндіруде

Ақтоғай – ашық типтегі ірі мыс кеніші. Әлемдегі ең үлкен игерілмеген мыс кен орындарының қатарына кіреді (Шығыс Қазақстан облысы)

Жобада екі бағыттағы өндіріс бар: тотыққан және сульфидті руда кенішінде жұмыстар жүргізу

А.ж. І жартыжылдықта Ақтоғайда кен өндіру көлемі 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өскен. Бұл сульфидті руданы өндіру көлемін арттырумен байланысты мүмкін болды (Шығыс Қазақстан облысы)

Алматы облысында «Талдықорған – Өскемен», «Үшарал – Достық» автомобиль жолдарының учаскесін салу барысы жөніндегі жұмыстық кеңес (Алматы облысы)

«Үшарал – Достық» республикалық маңызы бар автомобиль жолы Алматы облысы Алакөл ауданының аумағымен өтеді. Бүгінде 30-60 шақырым учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр (Алматы облысы)

2019 жылдың соңына дейін «Үшарал – Достық» автожолының 30 шақырымы пайдалануға беріледі (Алматы облысы)

«Үшарал - Достық» автожолының құрылыс жобасына 130-дан аса техника мен 317 адам жұмылдырылған (Алматы облысы)

«Үшарал - Достық» жолының құрылысы жұмыс процесін тоқтатпай, қысқы уақытта жалғастырылады (Алматы облысы)

Қарағанды облысында Үкімет басшысы «Қарағанды – Балқаш», «Қарағанды айналма жолы» және «Қарағанды – Теміртау» учаскелерінің реконструкциясы барысымен танысты

«Қарағанды – Балқаш» автожолын реконструкциялау жолды 10 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді (Қарағанды облысы)

Барлығы 4 жолақты автобанның 363 шақырымын салу керек.  Жоспар бойынша реконструкция 2022 жылы аяқталуы тиіс  (Қарағанды облысы)

Құрылыс аяқталған соң еліміздегі ең апатты автожолдардың бірінде жол қозғалысы қауіпсіз болады. Жоба байланысқан жолдардың барынша түзетілуін қарастырады (Қарағанды облысы)

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу