ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

  • 2019 жылғы 15 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып қайтты, онда өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты.

  • Асқар Мамин келген бойда Қостанай қ. әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағын реконструкциялау барысымен танысты. Жобаны осы жылдың қараша айында беру көзделген. Ұшу-қону жолағын кеңейту ұшу салмағы 200 тоннаға дейінгі әуе кемелерінің барлық түрін қабылдауға мүмкіндік береді. 

  • Асқар Мамин Индустриялық аймақ аумағында «Беларус» және «Кировец» қуатқа қанық тракторларының түрлерін қарап шықты. Барлығы аймақ аумағында 3 мың жұмыс орнын құрумен, 350 млрд теңгеге 14 жобаны орналастыру көзделген.

  • ҚР Үкіметінің басшысы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС барды, онда жеңіл және жүк автокөліктерінің, автобустардың шанақтарын құрастыру, біріктіру және бояу жұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 27 мың данадан астамды құрайды.

  • Осында ҚР Премьер-Министрі автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығы машинасын жасау мәселелері жөнінде республикалық жұмыс кеңесін өткізді. Сала алдында 2020 жылға қарай жылына 100 мың автокөлік құралына дейін шығаруды қамтамасыз ету міндеті тұр.

  • Асқар Мамин жұмыс сапары барысында «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасына барып, Қостанай ауданының «Заречное» ТШ» ЖШС алаңдарында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жағдайын қарады.

  • Премьер-Министр Заречное ауылында «Северный» шағын ауданына барды, онда «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында 172 үй салынды. Осы жылдың соңына дейін 107 үй пайдалануға беріледі.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин күннің екінші жартысында Рудный қаласында бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды, олар: «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ Соколов карьері, Рудный цемент зауыты, «Лидер-2010» ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару кәсіпорны.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу