Премьер-Министр А. Маминнің Ақмола облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

5 тамызда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын қарап, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды.

  • Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған қыш кірпіш өндіретін «ENKI» кәсіпорнында ҚР Үкіметінің басшысы технологиялық өндірістің автоматтандырылған процесі мен шығарылатын өнімдер түрлерін қарады. Зауытта жыл сайын 60 млн данаға жуық қыш кірпіш шығарылады. 
  • Облыс орталығында Асқар Мамин жаңа салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданына барып, оның мысалында тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл шағын ауданда 245 пәтерге арналған 6 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды.  
  • ҚР Премьер-Министрі жаңа «Болашақ сарайы» балалар және жасөспірімдер сарайының құрылыс алаңына барды, онда 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының басты іс-шараларын өткізу көзделген.
  • Сондай-ақ, Көкшетау қаласындағы бірқатар мейманхана кешенін реконструкциялау барысы қаралды.
  • ҚР Үкіметінің басшысы өңірде автожолдарды дамытудың қазіргі көрсеткіштері мен жоспарларымен танысты. Ұзындығы 80 шақырым болатын «Щучинск – Зеренді» жолын реконструкциялау жобасы аяқталды. Жалпы, өңірде жергілікті маңыздағы 400 шақырымнан астам жолды құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамту көзделген.
  • Бұланды ауданында ҚР Премьер-Министрі Макинск құс фабрикасына барды. Кәсіпорында бірінші кезең іске қосылған, қуаттылығы — жылына 25 мың тонна құс еті. 2020 жылы екінші кезең пайдалануға беріледі, бұл өндіріс көлемін 50 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
  • Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіріп-өндіретін «Журавлевка 1» ЖШС-да ҚР Үкіметінің басшысына 74 мың га-ға егін жинау жұмыстарына дайындық туралы баяндалды. 
  • Ауыл шаруашылығы саласының дамуымен танысу «KazBeef Group» сиыр етін өндіретін ет өңдеу кешеніне бару кезінде жалғасты. Асқар Мамин кәсіпорынның өндірістік цехында болды, онда 2019 жылы қайта жаңартудан кейін әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін ет өнімдерін өңдеудің соңғы технологиялық шешімдері енгізілген. Кәсіпорынның қуаттылығы — күніне 120 бас ірі қара мал немесе жылына 10 мың тонна ет.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу