Атырау облысы 140 млрд-тан астам теңгеге «Экспо-2017» көрмесінің 5 технологиясын іске асырады — Н. Ноғаев

ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірде «Экспо-2017» технологияларын енгізу туралы, сонымен қатар Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асырып, «ашық» әкімдікті қалыптастыру мәселелері туралы айтып берді.

Нұрлан Ноғаев қазіргі таңда Атырау облысында «Жасыл энергетика» бағыты бойынша жалпы сомасы 140 млрд-тан астам теңге болатын «Экспо-2017»-нің бес жобасы іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Бұдан өзге, бүгінде көрмеде ұсынылған тағы 23 жобаны пайдалану мүмкіндігі пысықталып жатыр.

Облыс әкімінің айтуынша, «Экспо-2017» халықаралық көрмесін Атырау облысының шамамен 83 мың адамы аралаған. Оның ішінде 13 мыңы — оқу мекемелерінен, университеттерден, колледждер мен мектептерден келген қатысушылар және екі мың бірге келушілер, бұл — республика бойынша жоғарғы көрсеткіш.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында аталып өткен міндеттерді іске асыру аясындағы жұмыстар туралы айтып өтті. Оның айтуынша, Атырау облысында 1,6 млрд теңгеге 106 жоба іске асырылып жатыр, олардың 1088 млрд теңгесі — кәсіпкерлердің демеушілік қаражаттары.  

Бұдан өзге, Нұрлан Ноғаев өңір әкімдігінің транспаренттік жұмысын қалыптастыру туралы және халықтың сауалдарына шұғыл әрекет ету мақсатында қыркүйек айында ашылған Telegram қосымшасындағы «Атырау облысы әкімдігінің» Telegram-чатының жұмыс істеуі туралы нақты хабарлады.  

«Біз Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын басшылыққа ала отырып, ашық әкімдікті қалыптастыру жолында тағы бір қадам жасадық. Чат жұмыс істей бастаған уақыттан бері біз мыңға жуық сауал алдық, қазіргі таңда топта шамамен 900 адам бар. Бір сұрақты қарастырып, шешімін табуға бір-екі жұмыс күні талап етіледі. Бүгінде, әрбір дерлік адамның қолында смартфоны бар кезде, бұл қадам ЖАО мен халық арасындағы өзара іс-қимылды айтарлықтай жылдамдатуға мүмкіндік береді», — деді Н. Ноғаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу