Ә. Смайылов РФ мемлекеттік хатшысы – қаржы министрінің орынбасары А. Сазановпен кездесті

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Ресей Федерациясының мемлекеттік хатшысы – қаржы министрінің орынбасары А. Сазановпен кездесті.

Кездесу барысында кедендік реттеу және салықтық әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, атап айтқанда жедел топтардың өзара іс-қимылы, зияткерлік меншік құқықтарының сақталуын қадағалау, екі жақты сауда-саттық барысындағы экспорттық операциялар бойынша ақпарат алмасу мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу