Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөнінде кеңес өткізді 

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Кеңес барысында «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржолдың, Ақтау портында контейнерлік хабтың, Алматы станциясының айналма теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда, маршрутта ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ «тар» жерлерді синхронды жою және маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ТХКБ-ның басқа қатысушыларымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу