Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкімет үйінде Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторинг агенттігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының және т. б. басшылары қатысты.

Комиссия мүшелері теміржол инфрақұрылымының, жылу энергетикалық кешеннің кейбір активтерін, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының қызметімен байланысты бірқатар кәсіпорындарды мемлекет меншігіне беру мәселелерін қарады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр комиссия қабылдаған шешімдерді іске асыру үшін барлық қажетті заңдық және ұйымдастыру шараларын пысықтауды тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу