Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысын өткізді 

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. 

Онда қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензиялар берудің заңдылығы мәселесі қаралды. Бұл шешімдердің заңдылығын талдау үшін арнайы жұмыс тобы құрылады. 

Талқылауға орталық мемлекеттік органдардың, Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылары қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу