30 Желтоқсан 2022, 18:17
Жұма, 30 желтоқсанда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.
Қатысушылар Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына өзгерістер енгізу, оның ішінде жоспардан бірнеше коммуналдық меншік кәсіпорындарын алып тастау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар объектілерді салу және «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін сату жоспарлары қаралды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша Премьер-Министр мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу