Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №14

17 желтоқсан 2016, 16:47
Астана

2016 жылғы 12-16 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған іс-шараларға қатысты.

15 желтоқсанда Елбасының қатысуымен Тәуелсіздік сарайында Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.

13 желтоқсанда Ақордада Премьер-Министр ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығы құрметіне көрнекті саяси қайраткерлерге, ғалымдарға, спортшыларға, шығармашылық зиялыларына және кәсіпкерлік орта өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты табыстау рәсіміне қатысты.

Сол күні Yкiмет үйiнде Бақытжан Сағынтаев Елбасының атынан үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, шығармашылық және бизнес құрылым өкілдеріне бірқатар мемлекеттік наградаларды табыстады.

16 желтоқсанда Президенттің қатысуымен ЭКСПО-2017 аумағында ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған монументтің ашылуы өтті.

Сәрсенбі күні Үкімет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Израильдің Премьер-Министрі Биньямин Нетаньяхумен кездесті, және Қазақстан-Израиль бизнес форумына қатысты.  

Сондай-ақ, осы аптада Премьер-Министр ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді, оның барысында Бірыңғай тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Тұжырымдамасы, әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағалардың өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар, «Yellow Pages Rule» шеңберінде республикалық және коммуналдық меншіктегі ұйымдарды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарын бәсекелес ортаға шығару бойынша атқарылатын жұмыс мәселелері талқыланды.

Сол күні Премьер-Министрдің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті.

Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесу өткізді.

Халықаралық ынтымақтастық аясында Премьер-Министр халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Авиация саласындағы ынтымақтастық перспективалары Халықаралық авиация комитетінің төрайымы Татьяна Анодинамен талқыланды.

Еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері NASDAQ америкалық консалтингті компаниясының вице-президенті Андэрс Еженделмен кездесуде және Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Лилия Бурунчукпен кездесу барысында қарастырылды.

14 желтоқсанда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Астана операда өткен мерекелік концертті тамашалады.