Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №15

24 желтоқсан 2016, 15:00

 2016 жылғы 20-24 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкіметтің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттің атқарылу қорытындысы, сонымен қатар, «Стандарттау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобалары талқыланды.

Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді.

Бейсенбі күні Бақытжан Сағынтаев Ресей Федерациясының Тікелей инвестициялар агенттігінің басқарма төрағасы И. Вдовинмен кездесті.

Сол күні Премьер-Министр ЭКСПО-2017-ге дайындық және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Жұма күні Бақытжан Сағынтаев «Doing Business», Астана қ. дамыту мәселелері бойынша кеңес, сондай-ақ, мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі комиссия отырысын өткізді.