Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №23

06 наурыз 2017, 09:07

2017 жылғы 27 ақпан мен 5 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты.

Жұма күні, 3 наурызда, Б. Сағынтаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты. Онда «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Сейсенбі күні, 28 ақпанда, Б. Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтті. Онда 2017-2021 жылдарға арналған АӨК мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері, білім беру саласына ІТ-жүйелерді енгізу және құрылыс келісімшарттары бойынша мемлекеттік сатып алуларды қазынашылық сүйемелдеу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында білім және ғылым, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктері басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Сондай-ақ, осы аптада Б. Сағынтаев Еуропа қайта құру және даму банкінің вице-президенті П. Хэйльбронмен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясындағы басты реформаларды талқылау мәселелері бойынша кездесу өткізді.

Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Грузияның Аджар Автономиялық Республикасы Үкіметінің Төрағасы Зураб Патарадземен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, өзара сауда айналымы және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Бейсенбі күні, 2 наурызда, Үкіметтің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мәселелеріне қатысты кезекті баспасөз конференциясы өтті. Еліміздің отын-энергетика кешенін дамыту перспективалары туралы энергетика министрі Қ. Бозымбаев есеп берді.

Осы күні ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Сенбі күні, 4 наурызда, Б. Сағынтаев сатып алулар жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді, сонымен қатар «The Boston Consulting Group» компаниясының өкілдерімен кездесті.