Видеодайджест: «ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың ЕҮАК отырысына қатысуы»

08 наурыз 2017, 10:05

Биыл 6-7 наурызда Бішкекте Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев қатысқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы өтті.

ЕҮАК отырысына қатысу барысында Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның Премьер-Министрі Сооронбай Жээнбековпен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Сонымен қоса, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қырғызстан Президенті А. Атамбаевпен делегациялар басшыларының ұжымдық кездесуіне қатысты.

Үкіметаралық кеңес отырысында Үкіметтердің басшылары ЕАЭО-тағы интеграциялық үдерістерді одан әрі нығайтуға бағытталған күн тәртібінің 14 мәселесін қарастырды.

Сонымен қатар, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, өзара сауданы нығайту, ішкі нарықтың қызмет етуіне кедергі келтіретін шектеулерді жою, сондай-ақ, экономиканың жеке салаларындағы интеграциялық әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды. Агроөнеркәсіп кешені мен ауыл шаруашылығы машинасын құрастыру саласын дамытуға баса назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша өзара сауда, интеграциялық әлеуеті бар экономика салалары, сауда келіссөздерін жүргізу нәтижесі және т.б. мәселелерге қатысты бірқатар ортақ құжаттарға қол қойылды.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің келесі отырысы биыл мамыр айында Қазан қаласында өтетін болады.