Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасарларын тағайындады

07 сәуір 2017, 11:00
Фото: bnews.kz

Мемлекет басшысының Өкімдерімен Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды;

Қанат Орынтайұлы Оразқұлов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.