Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №31

01 мамыр 2017, 10:01

2017 жылғы 24-29 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Астанада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы өтті. Шараға ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев қатысты. 

Сейсенбі күні, 25 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Үкіметінің кезекті отырысын өткізді, онда қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру үлгісі мен еліміздің жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша заң жобасы қаралды.

Сондай-ақ, осы аптада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен еліміздің Ұлттық инвестициялық стратегиясының жобасы мен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясын таныстыру шарасына қатысты.

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысын жетілдіру жөнінде кеңес өткізді.

Сол күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығының (ҚЕБҚ) өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында Қазақстандағы инвестиция ахуалды жақсарту, сонымен қатар аграрлық азық-түлік индустриясын дамыту мәселелері талқыланды. 

Сонымен қатар, 25 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Директорлар кеңесінің төрағасы А. Саркисян бастаған «Inalca Eurasia» трансұлттық компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда АӨК саласындағы бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 

Сенбі күні, 26 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ЭКСПО - 2017 нысандарының бірінің негізінде Астана қаласында ІТ - стартаптардың халықаралық технопаркін құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. 

Осы аптада Мемлекет басшысының елді мекендерді көктемгі кезеңде еріген қар суы мен тасқын сулардың көтерілуінен қорғау бойынша берген тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев еріген қар суы мен тасқын суларды сақтайтын су қоймаларының, қорғаныс тасбөгеттері мен құрылыстардың, апаттық-тасқындық суқашыртқылардың құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары бойынша, сонымен қатар еліміздің гидрометеорологиялық қызметінің жабдықтарын жаңғырту бойынша шаралар кешені қаралған кеңес өткізді.  

Жұма күні, 28 сәуірде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен Алматы облысына барды. Жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі «Нам Г.Н.» инновациялық технологияларды қолданатын шаруа қожалығына барды, өңірде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу, газдандыру барысымен, «Талдықорған», «Береке», «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА индустриалдық аймақтарының жұмысымен танысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын аралап, Алматы облысының жұртшылығы мен бинес орта өкілдерімен кездесулер өткізді.

Сенбі күні, 29 сәуірде ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Сауд Арабиясы Корольдігінің энергетика, өнеркәсіп және минералды ресурстар министрі Халид Әл-Фалихпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстанда бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.