ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Қостанай облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

18 мамыр 2017, 09:55

Дүйсенбі күні, 15 мамырда Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.

Сапардың басты мақсаты – ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен оның іске асырылу мәселелері.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың жұмыс сапарының кестесіндегі маңызды шаралардың бірі өңір жұртшылығымен кездесуі болды. Кездесу барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері, соның ішінде тұрғын үй қолжетімділігі мен ипотекалық несиелеу, жаңа аудандардағы инфрақұрылым құрылысы және АӨК дамыту бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру кезіндегі ауылдықтарға берілетін мүмкіндіктер талқыланды.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ. Айтуғанов мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндіріп өтті.  

«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС-ін аралау барысында ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевқа жеңіл көліктер, автобустар мен электромобильдер шығару үдерісі туралы айтып, сондай-ақ, экспортқа және ішкі нарыққа шығару үшін автомобильдер желісін арттыру туралы ақпараттандырды.

Қостанайдағы «ЕвразКаспианСталь» зауытында Б. Сағынтаев өнеркәсіптік өндіріске жаңа технологияларды енгізу жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік нысандарын аралады. Б. Сағынтаев Қостанай автомобиль көлігі колледжінде жастар ұйымдарының көшбасшыларымен, ТжКБ оқушыларымен, облыс студенттерімен кездесіп, олармен бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен елімізде білім берудің заманауи жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

«Жемчужина Стомед Уральская» көпбейінді медицина орталығында ҚР Премьер-Министріне облыстың денсаулық сақтау саласында МЖӘ тетіктері пайдаланылған жобаларды іске асыру барысы туралы баяндалды.

ҚР Премьер-Министрі облыстың бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, Қазақстанның үшінші жаңғыруы аясындағы мемлекеттік қолдау шаралары мен даму келешегі талқыланды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Заречный ауылындағы «Северный» шағын ауданын аралау барысында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй барысымен танысты.

Бұдан өзге, Б. Сағынтаев ауыл шаруашылығы техникасын шығарумен айналысатын «КазАгрос» СӨК» зауытына барды.