Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді

01 шілде 2017, 13:49
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасында ұсынылған экономиканы цифрландыру бойынша тәсілдер талқыланды, сондай-ақ оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету және ІТ-салаға арналған білікті кадрлар даярлау мәселелері қаралды.