Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №40

03 шілде 2017, 16:45

2017 жылғы 26 маусым мен 1 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Осы аптада Астанада ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысты, онда VI шақырылым депутаттары екінші сессия жұмысының қорытындысын жасады.

Сондай-ақ осы аптада Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапарының басты мақсаты ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мен олардың іске асырылу барысымен танысу болды.

ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кезекті отырыс барысында ҚР туристік саласын дамытудың 2023 жылға дейінгі тұжырымдамасы, сондай-ақ транзит, логистика және жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды.

Дүйсенбі, 26 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау бойынша кеңес өткізді.

Сол күні ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Еуразия даму банкі кеңесінің отырысы өтті.

Күннің екінші жартысында, 26 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев Мажарстанның Сыртқы экономика және сыртқы істер министрі П. Сийяртомен кездесу өткізді.  

Сейсенбі, 27 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен «ЭКСПО-2017» жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. 

Бейсенбі, 29 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев бірқатар отырыстар өткізді: Экономика мәселелері жөніндегі сараптама кеңесі отырысы, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Директорлар кеңесі отырысы және Тау-кен металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі кеңес отырысы.

Жұма, 30 маусымда, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Онда заңнамалық бастамалардың жаңа пакеті талқыланды, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингісіндегі Қазақстан позициясын жақсарту бойынша Үкімет қолданатын бірқатар басқа шаралар талқыланды.

Сенбі, 1 шілдеде, ҚР Премьер-Министрі Б. Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді