ҚР ДСМ дәрі-дәрмектерді бейәдеп ілгерілетуге жауапкершілік жүктейді

11 шілде 2017, 12:38
Фото: primeminister.kz

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі белгілі-бір дәрі-дәрмектердің өтуін ілгерілетуге жол бермеу шараларын әзірлеуде. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ведомство басшысы Елжан Біртанов хабарлады.

Емделуші дәрігердің жазып беруі бойынша белгілі-бір брендтің дәрі-дәрмегін сатып алады. Фармацевтикалық компаниялар осындай «ілгерілетуге» жұмсалатын шығындарды дәрі-дәрмектердің құнына қосып қояды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аталған жағдайды ерекше бақылауға алуға мүдделі.

Е. Біртанов осындай мәселе әлем бойынша өзекті екенін айтты. Дегенмен, басты фармацевтикалық компаниялар дәрі-дәрмектерді бейәдеп өткізуден бас тарту туралы ішкі реттемелерге қол қоя бастады, солардың ішінде Қазақстан да бар.

«Алайда, барлығын бақылауда ұстау мүмкін емес. Нарық үлкен, көптеген дистрибьюторлар жұмыс істейді. Біз медицина қызметкерлерінің дәрі-дәрмектерді бейәдеп өткізуіне заңдық тұрғыдан жауапкершілік жүктеуге ниеттіміз», - деді министр.

Аталған шара бірінші кезекте дәріханалардың қызметкерлеріне қатысты болады, себебі дәрі-дәрмектерді тек дәрігерлер белгілей алады. Бұдан өзге, дәрілер сауда атауынсыз, халықаралық патенттелмеген атауы бойынша тағайындалуы керек. Емделуші тауардың атауы мен өндірушісін өзі таңдауы қажет.

1/1