Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Шетелдік ЖОО-лармен серіктестік орнату арқылы медициналық оқытуды жаңғырту жұмыстары жалғастырылып жатыр

09 тамыз 2017, 10:47
Фото: primeminister.kz

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қазақстанда шетелдік ЖОО-лармен стратегиялық серіктестік орнату арқылы медициналық білім беруді жаңғырту жұмыстары жалғастырылып жатқанын мәлімдеді.

Ләззат Ақтаева Қазақстанда халықты дәрігерлермен қамтамасыз ету ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда жоғары екенін, алайда мейірбикелер саны төмен екенін айтып өтті.

Сонымен қатар мамандармен қамтамасыз ету мен мамандарды даярлау сапасы негізгі мәселелер болып табылады, әсіресе мамандар санының аздығы ауылдарда орын алған.

«Осыған орай, біз шетелдік ЖОО-лармен стратегиялық серіктестік орнату арқылы медициналық білім беруді жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Медициналық ЖОО-лардың серіктестері анықталды, 5 жылға дамудың стратегиялық жоспарларын әзірлеу жұмыстары жүргізілді, олардың мәні – оқыту бағдарламаларын өзгерту, медициналық ЖОО-лардың академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту, университеттік клиникаларды ашу, профессор-оқытушылар құрамын қайта оқыту», - деп түсіндіріп өтті ҚР денсаулық сақтау вице-министрі.

Сондай-ақ, ол қолданбалы бакалавриаттың Фин моделі негізінде мейірбикелік білім беруді жаңғырту жұмыстары жалғасын тапқанын айтып өтті. Ол бойынша алты пилоттық колледжде 320 адам білім алып жатыр.

1/2
2/2