Қазақстанда онкологиялық аурулармен күресудің жаңа технологиялары қолданылатын болады

09 тамыз 2017, 11:33
Фото: primeminister.kz

Бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстандағы онкологиялық аурулардың ағымдағы жағдайы туралы, сондай-ақ, аталған саладағы жағдайды жақсарту жоспарлары туралы айтып берді.

Ол Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім көрсеткіші төмендеп келе жатқанын, сонымен қатар онкологиялық ауруларды ертерек анықтау көрсеткіштерін жақсарту жұмыстары жалғастырылып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, диагноз қойған уақыттан бастап, бес немесе одан да көп уақыт бойы емделушілердің дәрігерге тексерілуі, олардың өміршеңдік көрсеткіштері де бар.

«Әрине, егер бұндағы жағдай жақсарып жатса, ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда бізге әлі де талай жұмыстарды атқару керек, себебі ЭЫДҰ елдерінің көрсеткіштері бізге мақсатты көрсеткіштер болып табылады. Сондықтан да, әсіресе жаңа технологияларды енгізу тұрғысынан жұмыстар одан әрі жалғастырылады. Бүгінде Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық жобасы әзірленіп жатыр, сәйкесінше, аталған мекеме аясында қазіргі таңда әзірге не Қазақстанда, не болмаса ТМД елдерінде жоқ технологиялар әзірленетін болады», - деді Ләззат Ақтаева.

Ол осы аталған жұмыстардың нәтижесінде емделушілердің өмір сүру сапасы мен емдеу сапасы едәуір жақсаратынын мәлімдеді.

1/2
2/2