Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Бақытжан Сағынтаев Беларусь Премьер-Министрімен алдағы сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады

13 тамыз 2017, 13:30
Фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Андрей Кобяковпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, соның ішінде сауда-экономикалық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту бойынша 2017-2018 жылдарға арналған бірлескен шаралардың жоспарын іске асыру барысы талқыланды.  

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы ілерілей отырып, дамып жатқанын атап өтті. Өз кезегінде Андрей Кобяков Қазақстанның сауда айналымы көлемі бойынша Беларусьтің негізгі серіктестерінің қатарында екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ, екі тарап Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы қызметіне қатысты мәселелерді қарады және биыл Қазақстанда қыркүйек айында өтетін комиссияның кезекті 13-отырысын талқылады.

Бұдан өзге, биыл мамыр айында Қазан қаласында ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған, «Қазақстандық Тоқамақ» базасындағы тәжірибелік кешенді бірлесіп пайдалану туралы келісімнің іске асырылу жағдайы талқыланды.

Тараптар, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимыл жасасу мәселелеріне назар аударды. Өнеркәсіптік салада, көлік және коммуникациялар, сондай-ақ ғарыш саласында ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.  

Кездесудің соңында Б. Сағынтаев пен А. Кобяков Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 көрмесі мен Астанада құрылатын Стартап-хаб аясында бірлескен жбаларды іске асыру келешегін талқылады.

Анықтама:

Осы жылы Қазақстан мен Беларусь арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толады. Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Беларусь үкіметаралық комиссиясы 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда айналымы 2017 жылғы қаңтар-мамыр аралығында 207,8 млн долларды құраған, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 73%-ға ұлғайтылған.

1/4
2/4
3/4
4/4