Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Мемлекет басшысы «Қазанат» ипподромына барды

13 тамыз 2017, 18:14
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің мәдени-думанды және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы аясында ипподромда өтіп жатқан жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирін тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев ипподром аумағында орналасқан «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенін аралап көрді.

Мемлекет басшысына кешен қонақтары назарына ұсынылатын қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлері, қолөнер бұйымдары, спорттық ойындар мен салт-дәстүр үлгілері көрсетілді.