Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Kazakh Invest Қазақстанда 147 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті қызметтерді ұсынып отыр

15 тамыз 2017, 13:05
Фото: Primeminister.kz

Бүгінгі таңда «Kazakh Invest» ҰК Қазақстанда 147 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша барлық қажетті қызметтерді ұсынып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифинг барысында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады. 

Ж. Қасымбек Ұлттық инвестициялық стратегия қызметінің маңызды бағыттарының бірі өңірлік және орталық деңгейлерде барлық мәселелерді шешу үшін инвесторларға арналған «бірыңғай терезе» жұмысы болып табылатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда осындай «терезе» қызметін Kazakh Invest атқарады. 

«Бұл ұлттық компания инвесторлармен жұмыстың басынан соңына дейін бірге жұмыс істейтін болады. Яғни, ол инвесторды қарсы алады және оны қажетті нормативтік, заңдық немесе өзге жағынан сүйемелдеп, осы жобаны іске асыру кезінде де әрі қарай сүйемелдейтін болады», - деді  Жеңіс Қасымбек. 

Министр инвесторлар негізінен рұқсат құжаттарын алу кезінде, тексерістен өту барысында және жергілікті өңірлік органдармен жұмыс істеу кезінде мәселелерге тап болатынын атап өтті.  

«Сондықтан да бізде Kazakh Invest-тен өзге, инвестициялық омбудсмен секілді институт бар, ол – инвестициялар және даму министрі. Біз тұрақты түрде үшжақты кездесулер өткізіп тұрамыз, яғни, инвестордың атынан қандай да бір шағым немесе өтініш келіп түссе, біз министрлікке инвестор мен мәселе бағытталған тарапты шақырамыз. Үшжақты форматта мәселені шешуге тырысамыз», - деп түсіндіріп өтті Ж. Қасымбек. 

Жалпы, министрдің айтуынша, бүгінгі күні Kazakh Invest 147 жоба бойынша жұмыс жасайды және инвесторларға пайда болған мәселелерді шешу тұрғысынан көмек көрсетумен айналысады.

1/3
2/3
3/3