ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты

06 қыркүйек 2017, 17:00
Фото: Akorda.kz

Форумға екі ел бизнесінің 450-ден астам өкілі қатысты. Қазақстан Президенті жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде елдеріміздің сауда-экономика саласындағы ынтымақтастығын дамытудың маңыздылығын айтып, бұл қарым-қатынасты кеңейтуге әлеуетіміздің жеткілікті екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру үшін Қазақстанда қабылданып жатқан шараларға және оның нәтижелеріне тоқталды.

«Польша азаматтары Қазақстанда визалық талаптардан босатылған. Шағын және орта бизнесті, машина жасау және ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жұмыс топтары құрылды. Елдеріміз арасында жұмыс істеп жатқан үкіметаралық комиссияның рөлі маңызды», – деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің жаңа экономикалық «Жібек жолы» құрылысына қатысуы жөнінде айтып, екіжақты экономикалық ынтымақтастық аясында іске асырылып жатқан Қазақстан-Польша жобаларына тоқталды.

«Польфарма» фармацевтикалық компаниясы табысты серіктестіктің жарқын мысалы саналады. «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында «Селена групп» компаниясы құрылыс материалдарын шығаратын жобаны іске асырды. «ҚазТехМаш» зауыты «Пронар» поляк технологиясын қолдана отырып, Петропавлда ауыл шаруашылығы техникаларын жасауға кірісті. Жалпы, Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 115 кәсіпорн жұмыс істеуде», – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделілік танытып, Қазақстанда алдағы кезеңде бизнес жүргізуге себеп болатын бірқатар мәселені атап өтті.

«Президент жанында Шетелдік инвесторлардың кеңесі жұмыс істейді. 61 елдің азаматтары үшін визасыз режім енгізілген. 10 арнайы экономикалық аймақ пен 20-ға жуық индустриялық аймақ жұмыс істеуде. Мемлекет осы аймақтардың жұмысына қатысушыларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Оларға салық жеңілдіктері мен артықшылықтар берілген. Бұдан бөлек, жер қойнауын пайдалануға лицензия алу және шартқа отыру тәртібі жеңілдетілді», – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы поляк бизнесмендерін еліміздегі кәсіпорындардың активтерін жекешелендіруге қатыстыру арқылы ынтымақтастықты нығайту және аграрлық секторда қарым-қатынас орнату мүмкіндіктеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жеделдетілген жаңғыру үдерісі экономикалық байланыстарды кеңейтудің қосымша мүмкіндігі болып саналатынын айтты.

«Біз іскерлік туризмнен экологиялық және рухани туризмге дейінгі туризмнің барлық түрін дамытуға зор мән береміз. Тікелей әуе қатынасының орнағанын ескеріп, өзара ынтымақтасуға және туристік өнімдерді ілгерілетуге мүдделіміз. «Экспо-2017» көрмесі аяқталған соң оның базасында «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастайды. Сондай-ақ, «Экспо-2017» базасында Жасыл технологиялар мен инвестицияларды дамыту жөніндегі халықаралық орталық жұмыс істейтін болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті бизнесті дамыту және өзара тиімді серіктестікті нығайту үшін бизнесмендерді барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырды.

1/3
2/3
3/3

Database_Exception [ 42000 ]: SQLSTATE[42000]: Syntax error or access violation: 1064 syntax error, unexpected $end [ SELECT COUNT(`news`.`id`) AS `records_found` FROM `news` AS `news` WHERE match(tags_kz) AGAINST('Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан-Польша бизнес-' IN BOOLEAN MODE) AND `id` != '15240' AND `title_kz` != '' AND `title_kz` IS NOT NULL AND `is_published` = 1 AND `publication_date` <= now() ORDER BY `publication_date` DESC LIMIT 4 ]

MODPATH/database/classes/Kohana/Database/PDO.php [ 157 ]

152 				// This benchmark is worthless
153 				Profiler::delete($benchmark);
154 			}
155 
156 			// Convert the exception in a database exception
157 			throw new Database_Exception(':error [ :query ]',
158 				array(
159 					':error' => $e->getMessage(),
160 					':query' => $sql
161 				),
162 				$e->getCode());
  1. MODPATH/database/classes/Kohana/Database/Query.php [ 251 ] » Kohana_Database_PDO->query(arguments)

  2. APPPATH/classes/ORM.php [ 212 ] » Kohana_Database_Query->execute(arguments)

  3. APPPATH/classes/Model/News.php [ 889 ] » ORM->count_all()

  4. APPPATH/views/block/news/similar.php [ 2 ] » Model_News->get_similar(arguments)

  5. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 62 ] » include(arguments)

  6. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 359 ] » Kohana_View::capture(arguments)

  7. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 236 ] » Kohana_View->render()

  8. APPPATH/views/news/view.php [ 147 ] » Kohana_View->__toString()

  9. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 62 ] » include(arguments)

  10. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 359 ] » Kohana_View::capture(arguments)

  11. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 236 ] » Kohana_View->render()

  12. APPPATH/views/template_new.php [ 331 ] » Kohana_View->__toString()

  13. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 62 ] » include(arguments)

  14. SYSPATH/classes/Kohana/View.php [ 359 ] » Kohana_View::capture(arguments)

  15. MODPATH/cms/classes/Cms/Controller.php [ 79 ] » Kohana_View->render()

  16. SYSPATH/classes/Kohana/Controller.php [ 87 ] » Cms_Controller->after()

  17. {PHP internal call} » Kohana_Controller->execute()

  18. SYSPATH/classes/Kohana/Request/Client/Internal.php [ 97 ] » ReflectionMethod->invoke(arguments)

  19. SYSPATH/classes/Kohana/Request/Client.php [ 114 ] » Kohana_Request_Client_Internal->execute_request(arguments)

  20. SYSPATH/classes/Kohana/Request.php [ 997 ] » Kohana_Request_Client->execute(arguments)

  21. DOCROOT/index.php [ 118 ] » Kohana_Request->execute()

Environment