Бақытжан Сағынтаев BitFury басшысы Валерий Вавиловпен кездесу өткізді

14 қыркүйек 2017, 13:30
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін Астанада экономиканы цифрландыру бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев BitFury бас директоры Валерий Вавиловпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту аясында ынтымақтастық орнату,  блокчейн технологиясын енгізу және оның барлық салаларын цифрландыруға негізделген экономиканың жаңа үлгісіне көшу мәселелері талқыланды.

Анықтама:

Компанияны дамыту бағдарламасы «The Genesis Block» биткойн жүйесінің бірінші блогі алынған 2009 жылдан бастау алады. BitFury компаниясы 2011 жылы құрылды.  

Қазіргі уақытта көп бейінді блокчейн-компания, ірі өнеркәсіптік майнер, «Биткойн» блокчейнімен жұмыс үшін бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етуді әзірлеушінің Сан-Францискода, Вашингтонда, Колумбия округінде, Гонконгта, Лондонда және Амстердамда кеңселері, сондай-ақ Рейкьянесбайр исландиялық қауымы мен Грузияның Гори және Тбилиси қалаларында дата-орталықтары бар.