47 қазақстандық компания Kazakh Invest қолдауымен Өзбекстанда өз өнімін ұсынды

15 қыркүйек 2017, 15:11

Бүгін Ташкентте «УзЭкспоЦентр» көрме орталығында ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің қатысуымен қазақстандық павильонның ресми ашылу салтанаты өтті.  

Салтанатты ашылуға сондай-ақ ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров, «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасы Мақсат Қабашев пен оның орынбасары Мейіржан Майкенов, сондай-ақ ӨР инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Шамиль Бурнашаев қатысты.

«Өзбекстан Республикасы — Қазақстанның стратегиялық серіктесі. 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыртқы сауда айналымының көрсеткіштерін 35% арттыру елдеріміздің белсенді сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауға жеткілікті әлеуетке ие екенін көрсетеді», — деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Машина жасау, тамақ саласы, фармацевтика, құрылыс саласы, АТ сияқты салаларға мамандандырылған 47 ірі қазақстандық компания Kazakh Invest қолдауымен Қазақстанның ұлттық павильонын ұсынды.

Келушілердің ерекше қызығушылығын тудырған негізгі тақырыбы білім беру және медицина болған «Назарбаев Университетінің» экспозициясы, сондай-ақ «ҚТЖ» ұлттық компанияларының өнімі, «Egov Азаматтарға арналған үкімет» және «Қазақстан Инжиниринг» жаңғыртылған жауынгерлік техникасы болды.

Бұдан өзге, Көрмеде дәстүрлі және электронды қозғалтқыштары бар отандық өндірушілердің автомобильдер қатары ұсынылды.

Өз сөзінде Ж. Қасымбек сондай-ақ Көрме екі елдің әлеуетті инвесторлары арасында диалог қалыптастыруға жақсы алаң болатынын атап өтті.