Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

Ішкі еңбек нарығын қорғау мәселелері бірінші орында

19 қыркүйек 2017, 14:40
Фото: PrimeMinister.kz

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша брифинг барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшін реттеу үдерісіне түсініктеме берді.

Вице-министрдің мәліметінше, көші-қон шартты түрде үш ағынға бөлінеді: ішкі, сыртқы этникалық және сыртқы еңбек.

Сыртқы еңбек көші-қонында ҚР Үкіметі бірқатар қағидаттарды ұстанады, оған қоса олардың бастыларының бірі – ішкі еңбек нарығын қорғау.

«Біз мигранттарды қабылдайтын кез келген ел сияқты қорғау шараларын қолданамыз. Бірінші кезекте, бұл – квоталар. Басқаша айтқанда, бұл - шетел мамандарының ең көп ұйғарынды саны», — деді Б. Нұрымбетов.

Оның айтуынша, бүгін аталған квота 54 мың адам көлемінде бекітілді. Нақты бүгінгі таңда Қазақстанда 26 мың шетелдік жұмыс жасайды.

Шетелдік мамандарды тартатын ұйымдарға нақты талаптар қойылады. Ең алдымен, бұл – кадрлардағы жергілікті қамту бойынша заңнамаға қойылатын талап.

«Кез келген компанияда жұмысшы мамандықтар және мамандар бойынша – кемінде 90%-ын қазақстандық кадрлар құрауы тиіс. Топ-менеджерлер мен басшылар арасында – кемінде 70%», — деп нақтылады вице-министр.

Сондай-ақ, ол бүгін шетелдік жұмыс күшін тарту мемлекет үшін де экономикалық әсерді қарастыратынын атап өтті.

«Егер сіз компанияға шетелдік жұмыс күшін тартуды ұйғарсаңыз, онда сіз мемлекетке сол үшін төлеуіңіз керек», — деп атап өтті Б. Нұрымбетов.

Осылайша, оның мәліметінше, 2017 жылдың 8 айында ЖАО шамамен 19 мың рұқсат берді. Бюджетке 6 млрд 480 млн теңге түсті.

Бұдан өзге, Қазақстанда жұмысқа тұрғысы келетін шетелдік маман бірқатар нақты талаптарға сай келуі тиіс: визаның болуы, көші-қон полициясына тіркелуі, кәмелеттік жасқа толуы, сотталмаған болуы, ауруларының болмауы және басқалары.

1/3
2/3
3/3