Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны iOS-қа жүктеп алу

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

Қосымшаны Android-қа жүктеп алу

АХҚО-ны халықаралық таныстыру биыл желтоқсанда Астанада өтеді

20 қыркүйек 2017, 13:00
Фото: PrimeMinister.kz

АХҚО-ны халықаралық таныстыру 2017 жылғы желтоқсанда өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

«Желтоқсан айының басында елордада «Астана» қаржы орталығын халықаралық таныстыруды өткізуді жоспарлап отырмыз, келесі жылды өз ұйымымыздың Road Show-на (ескерт.) арнаймыз. Бұл өте ауқымды жұмыс, ол біздің пікірімізше, АХҚО-ға және Астанада «Экспо-2017» өткізгеннен кейін құрылған алаңға тікелей шетел инвестицияларын тарту орталығына айналады. Бұл бағытта өз жоспарларымыз бар», — деді Қ. Келімбетов.

Ол Мемлекет басшысы АХҚО-ны Еуразия мен Орталық Азияға «бас қақпа» ретінде айқындағанын және орталық басшылығы Орталықтың қызметі Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында және мемлекеттік органдарға берген тапсырмаларында жарияланған мемлекеттің жоспарларына септігін тигізеді деп болжап отыр.

Анықтама:

Road Show — әлемнің басты қалаларындағы әлеуетті инвесторлармен және талдаушылармен кездесулер тобы. 

1/2
2/2